Іздеу

1

Ко Кенг Ми

 

Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ КӨРІНІСІ

 

Өзін әдебиетте шағын әңгіме жанрындағы шеберлігімен таныта білген Ж.Аймауытовтың «Елес», «Жол үстінде», «Әнші», «Жапырақтар», «Қара бақсы» т.б. әңгімелерінен кейінгі күрделі шығармалары «Қартқожа», «Ақ білек», «Күнікейдің жазығы» романдары. Егер аңдап қарар болсақ, олардың қай-қайсында да азаттық идеяның көрінісін тану қиын емес. Олардағы оқиға өрбуінің тынысы адам еркіндігінің болмысы мен тығыз байланысты болып келеді. Енді оларды жеке-жеке алып қарастырып көрелік.

Жазушы «Қартқожа» романында XIX ғасырдың соңында дүние келіп, XX қара ғасыр басында еңбекке араласып, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңіндегі жаңа құрылысқа белсене атсалысқан қарапайым адамның бейнесін сомдайды. Мұндағы мақсат – қоғамдағы өзгерістерді қатардағы адамның көзқарасы, қабылдауы арқылы көрсету. Сол арқылы оның еркін қоғам құруға деген ұмтылысының сырын ашу. Әдебиетші ғалым Д. Ысқақұлы бұл роман туралы: «Шығарманың көркемдік-идеялық қыртыстары қалың» [1, 129 б.], - десе, соның бір астары азаттық идеясын көтеруде жатыр.

«Қартқожа» – реалистік шығарма. Оқиғаның дамуы өмір шындығынан бастау алып жатады. Бір кезде молда алдында отырған бұйығы қара бала өсе келе, сол кездегі Қазақ қоғамында болған тарихи оқиғаларға араласып, ерекше көзге түспесе де, көрген-білгенінен өзінше ой түйеді. Бұл оның азамат ретінде қалыптасуына

2

әсер етеді. Бала күндегі жетімдік, мәнсіз молда оқуы, 1916 жылғы көтеріліске қатысу, солдатқа алыну, жаңа оқудың есігін ашып ұстаз болу – міне, Қартқожа өткен өмір жолы осы. Оның әрбір кезеңінде ешбір ерекшелігімен көзге түспейтін кейіпкерін автор бір ғана жылт еткен іс-әрекет, мінез-құлық құбылысы арқылы даралап отырады. Сол арқылы оның өзіне ғана тән болмысы танылып-ақ қалады. Мәселен, молда алдынан сабақ алып жүрген көп балалар арасында Қартқожа еш ерекшеленбейді, қайта солардың көбінен төмен сияқты, бірақ оны сүйкімді ететін – момын баланың оқуға деген құштарлығы. Оқуға деген құштарлық еркіндікке деген ұмтылысқа жол ашады.

1916 жылғы, солдатқа алынуы, ондағы әскер өмірі балаң бозбаланы шынықтыра түседі. Ол енді ақ-қараны айырар дәрежеге жетеді. Елге келіп, сол баяғы күй тағы алдынан шыққанда, әділетсіздікке қарсы күресуге әрекет жасайды. Біз бұдан әділдік жолындағы күреске дайын азаматты көреміз. Оқу оқып, білім алған Қартқожа күрес жолына шығады, әлді мен әлсіздің, бай мен кедей күресінің тұсында екінші жақтың жақтасына айналады. Оның өмірден түйген, таныған шындығы осы. Бір кездегі момын Қартқожаны таптық күреске араластырған өмір тәжірибесі. Автордың өз кейіпкерін осынау жолға ұзақ дайындықпен әкелу нанымды дәлелді шыққан.

Қартқожаның оқуға деген құштарлығын арттыруда, азамат болып қалыптасуында оқыған жас Жүністің елеулі орны бар. Солдатта жүріп дос болған Андрейдің де оның саяси көз-қарасының қалыптасуындағы еңбегі аз емес.

Жалпы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы – революция тұсындағы Қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан-жақты бейнелеген үлкен шығарма.

3

Жүсіпбек Аймауытовтың прозадағы үлкен табысы – «Ақбілек» романы. Автор Қазақ қызының тағдыры арқылы дәуірдің озбырлық бейнесін ашады. Оны сол тағдыр қасіретінен құтқарған, азаттыққа қолын жеткізген жаңа өмір салты екендігі романда айрқкша сипатталған. Қазақ ұлтының тәрбиелік, салт-дәстүрлік ұғым-танымы тұрғысынан алғанда, романның бас кейіпкері Ақбілек тап болған жайт адам төзгісіз қасірет. Ақтардың қолына түсіп, орыс әскерлерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу – күнәсіз да пәк қыз үшін өте ауыр масқара іс. Міне, осы сәттегі Ақбілектің іштен тынуын, өзімен-өзі арпалысын, шешімге келуін автор психологиялық талдау арқылды ашады.

Ақбілек – негізінен өз азаттығы жолындағы күрескер бейне. Бұған жазушы өз кейіпкері – осынау қарапайым қазақ қызының бойына өзіне ғана бірнеше қасиеттерді тоғыстыру арқылы қол жеткізеді. Ақбілектің ерекше қасиеті – сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт офицермен қарым-қатынасы кезінде анық сезіледі. Екіншіден, Ақбілек батыл да шешімшіл қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы батылдық. Қабағы қату орыс офицері қыз жанарынан осыны ұқты, ұқты да өлімге қимады, ата алмады. Ақбілектің бұл қасиетін жазушы оның қараңғы түндегі қамаған қасқырмен арпалысынан да аңғартады. Кейіпкердің қорқынышын ақылға жеңдірген де осы батылдық болатын.

Ақбілек тағдырының тауқыметі мұнымен бітпейді. Оны алда ауыр қорлық күтіп түр еді. Әкесі Мамырбайдың қатал мінезі, өгей шеше Өріктің өсек-аяңы, айттырған жігіті Бекболаттың суынуы – Ақбілек үшін өмір сыны болады. Осынау қорлық пен мазаққа Ақбілекті шыдатқан

4

қандай күш?! Ол – Ақбілек бойындағы үшінші қасиет – төзімділік. Жаны нәзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар. Ал жоғарыда аталған қасиеттердің бәрі де азаттық аңсаған ару үшін аса кажет-ақ. Осы қасиеттер арқылы Акбілек – өз тағдыры үшін күресе алатын күрескер қыз деңгейіне көтеріледі. Ол батыл шешім жасайды. Қалаға оқуға аттанады.

Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек мүлде бөлек жан! Енді білімді адамды көреміз. Ол жанын түсінетін Балташты кездестіреді. Ұлы Ескендірмен табысады. Бұл – өз тағдыры үшін күрестін жемісі.

Романда кейде шығарма соңына дейін бірге жүретін, кейде белгілі бір сюжетке ғана қатысатын Қарамұрт, Бекболат, Мамырбай, Өрік, Ақбала, Балташ, Мұқаш тәрізді кейіпкерлер бар. Бұлардың әрқайсысына тән айнытпай ажыратылатын кескіні, сөз саптасы, қимыл-қозғалысы, өзіне ғана тән мінез-құлқы бар. Бұл кейіпкерлер туралы аймауытовтанушы ғалым Р. Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бейленген» [2. 61 б.], – деген түйін жасайды.

«Ақбілек» романы – Қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсындағы қасірет – тауқыметін, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым Қазақ қызының тағдыры арқылы кең көлемде көрсеткен туынды. Бұл шығарма туралы академик С. Қирабаев мынадай тұжырым жасағанды: «Қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі бола тұрса да, Жүсіпбектің бұл жанрдағы ізденісінде «Ақбілек» көрнекті орын алады. ...ол бұл шығармасында адам характерін тереңірек aшуғa, кейіпкердің психологиялық жайларын толықтыруға көбірек көңіл бөлді. Жазушы суреткерлігі де артып, оның авторлық позициясы айқындала түсті. Сондықтан «Ақбілек» қазақ романының туу тарихында да, жазушы

5

шығармашылығында да алғашқы кесек үлгі болып саналады» [3, 376 б.].

Ж.Аймауытовтың көркем прозадағы соңғы көлемді әрі табысты туындысының бірі – «Күнекейдің жазығы» повесі. Бұл революциядан бұрынғы Қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін көркем суреттеген, этнографиялық реңкі бар шығарма. Повестің тақырыбы XX ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың көбіне ортақ әйел теңсіздігі.

Повестің басты кейіпкері Күнікей – еркіндік қасиетін ерте сезінген қыз. Ол – кедейдің қызы болса да, бойындағы барын ардақтай білген, адуынды шешіннің тәрбиесі негізінде еркін өскен мінезді қыз. Шешесі Шекер мінезіндегі өжеттік бұған да сіңгендей. Анасының аялауынан өзіне ерекше нәр алатын Күнікей, ерте бастан ақыл тоқтатып, әрі құдай берген көркі, әрі алымды ақыл-парасатының арқасында өзін ешкімнен төмен санамай өседі. Бай қызы, құрбысы Шәмшінің ұзату тойындағы өзін-өзі ұстауы осының куәсі.

Осылай өскен, осылай тәрбиеленген Күнікейдің өзіне тең жар іздеуі жасырын болса да, жүрек түкпірінде пісіп-жетілгені анық. Ақыры ол жүрек аңсауын табады. Ол – сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің сұлтаны Байман. Етікші Тұяққа телінген тағдырына қарсы шыққан Күнікей сүйгені Байманмен бас қосады.

Күнекейдің өз сүйгеніне қосылу жолы оңай емес. Оған дейін қаншама зорлықты көреді. Жеңіл жүріске салмақ болған жеңге мазағы, зорлықшыл Қасым әрекеті, шешесінің етікті болуы, сол үшін Тұяққа қоспақ болуы, міне, осының бәрі – Күнекей тағдырына кесе-көлденең тұрған қиындықтар. Бірақ Күнікей соның бәрін өз қайсарлығы мен өжеттілігі, табиғатындағы еркіндікке деген

6

құштарлығы арқасында жеңіп шығады. Осы жаңдайлардан іштей ширығу нәтижесінде барып Күнікей характері қалыптасады. Күнікейдің айттырған күйеуі жаман Тұяққа жар болар түні өз адалдығын сақтап, Байманға келуі, онымен тағдыр қосуы қыз табиғатындағы күрескерліктің белгісі.

Бірақ осы күрестің нәтижесі қандай?.. Жеңісі бар ма?.. Міне, оқырманды ойландыратын мәселе осы. Сөзі мен ісі бір адалдығы мен азаматтығы астасқандай Байманның соңына дейін солай болмауының себебі не?..

Повесть басында қараңғы үйде зарланып жататын Күнікейді бұл күйге ұшыратқан қандай құдірет? Тағдырын қолына ұстатқан адал жар қайда?... Автор өмір түйткілін осы тұстан іздейді. Жастық алауы мәңгілік емес, өмір өткелі сан тарау. Оның бәрінен оп-оңай өтіп кету – әйел баласы үшін өте қиын. Алдамшы өмірдің ащы дәмін татқан әйел тағдыры аса аянышты. Теңіне қосылғанды да талқыға салар тағдырдың тартуы аз емес...

Повестегі өзге кейіпкерлер, негізінен Күнікейге қатысты көрініп отырады. Мұндағы өзгелерден оқшау бір кейіпкер – Байман. Байман образы Күнікеймен өрістес дамиды. Алғашқы танысудан бастап, барлық оқиға ортақтаса өтеді. Байман – Күнікейге сай тұлға.

Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесі – Қазақ тұрмысынан алынып, ұлттық болмыстын бар қасиетін аша отырып, уақыт шындығын танытқан шығарма. Басты тұлға өз бақыты үшін күресе білген азаттықка жаны кұштар қазақ қызы.

Жүсіпбек Аймауытов – дарынды суреткер ретінде Қазақ әдебиетінде көп жаңалық әкелген жазушы. Ол Қазақ прозасының биік көркемдік деңгейде дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оны жанрлық тұрғыдан

7

байытты. «Қартқожа» талап деңгейінен шыққан алғашқы роман болса, «Ақбілек» кең масштабтағы реалистік романның көшбасы.

Жүсіпбек өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп, дәуір шындығын көркем бейнеледі. Оның шығармалары – Қазақ әдебиеті қорына қосылған мәңгілік мұралар.

Жүсіпбек Аймауытов шығармалары көркемдік жетістіктерімен ерекшеленіп отырады. Оның көркем шығармалары Қазақ әдебиетінің табысы.

"ҚазҰУ хабаршысы" . Филология сериясы

Алматы №1 (131) 2011

 

1

Ұ.Жолдасова

 

ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІГІ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ Ж. АЙМАУЫТОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЛИРИЗМ

 

Жаңа заманның орнауына себепші болган төңкеріс кезеңінің қазақ әдебиетінің бұрынғы өткен жолы мен дәстүрін келмеске жіберіп, жаңа әдебиет жасаймыз деген идеясы, болашақ әдебиетті тамырынан үзбей, ескінің үлгілісін тірек етіп барып көтерілуді ұсынған ұлтшыл ойдың оянуына, оның күрес майданына шығуына да түрткі болды. Жаңа әдебиеттің баянды болуының негізгі шарттарының бірі ескі әдебиетті қайнар етуден басталатындығын ұғынған қазақ зиялысы көркем әдебиет мәселесін, оның бағытын, озық әдебиет тудырудың басты талаптарын талқыға салған мақалалар жазып жатты. Аталған бағыттағы мақалалардың ішінде Ж.Аймауытовтың көркем әдебиетке қатысты пікірлерінің орны бөлек екендігін айтқымыз келеді. Жазушы мақалаларынан шығармашылыққа қатысты ерекшеліктің сырын дөп басатын дәлелді ой мен көңілге қонымды пікірді, нақтылық пен айқындықты аңғару қиын емес. Жүсіпбек Аймауытов дәстүрді мансұқ ететін, оқушысына әсер бермейтін, жасанды, дайын қалыпқа салынған шығарманың ғұмырының қысқа болуының себептерін ашып көрсетеді. «Осы жазушы, осы сөз оқушының жан дүниесін қалай қалыптандырады? Қай бағытта, қандай сүрең береді? Қандай сезім туғызады? Көңілге қандай әсер береді? Міне, әр ақынның, жазушының сөзіне қоятын өлшеу осы болу керек» [1, 205] дейді «Көркем әдебиетті саралау» атты мақаласында. Басты өлшем, жазушы пікірінше, көркем шығарманың оқушы жан дүниесі мен көңіліне, сезіміне әсер ететін

2

ерекшелігінде болуы тиіс.

Ескі әдебиеттің үлгілісін сөз еткенде қазақ Абай поэзиясын еріксіз ауызға алатын. Абай шығармашылығы жаңа әдебиеттің дамуына таяныш болса, «әдебиет мәдени жұрттардың әдебиетінің қатарына тез ілінеді» (Ж.Аймауытов) деген заңды да, табиғи пікірді ұстанушылардың бел ортасында Ж.Аймауытов болатын. 1918 жылы жазылған Жүсіпбектің «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласындағы қорытынды ойда қазақ әдебиетінің болашақ бағытына қатысты пікір ғана емес, автордың өз шығармашылығының табиғатын тануға да негіз болар түйінді ойды аңғарғандай болдық. «Қазақ жұрты кең дала, еркін ауада сайран қылып, жер мен көк, су мен ағаш, тау мен тастың тамаша сырларымен бірге туысып, біте қайнап, басы бос, қиялы күшті, бұлғақтап жүрген дүниенің ерке баласы. Сондықтан қазақтың сүйегіне біткен ақындығы – бұл бір. Екінші, әдебиетіміздің алғашқы адымында надан халықтың ішінен мәдени жұрттардың алдыңғы ақындарымен таласа Абай сықылды кісі шығып, көтермеші, таяныш болып отыр. Бұл екі себепке қарағанда біздің әдебиетіміз мәдени жұрттардың әдебиетінің қатарына тез ілінеді деп білеміз» [1, 126] деген жазушы тұжырымы ұлттық поэзияға ғана емес, алғашкы үлгілері туа бастаған қазақ прозасы мен драматургиясына да, әдебиеттің басқа да салаларына тікелей қатысы бар қорытынды деп ойлаймыз. Жазушы шығармаларын талдап-таразылауда оның әр кездері жазған мақалаларындағы негізгі ұстанымдарын да назарға алып, шығармаларымен қатар қоя зерттеудің пайдасы зор екендігі даусыз. Бұл тәсіл жазушының қат-кабат, күрделі көркем әлемінің сырларына бойлауда тірек болмақ.

Жүсіпбек Абай өлеңінің табиғатын талдай отырып, қазақтың

3

өлеңқұмар мінезінен нәр алатын жаңа әдебиеттің бағытын да сыналап көрсеткендігін байқаймыз.«Қазақтың сүйегіне біткен ақындық» қазақ прозасының болмысына, жанрлық табиғатына, ұлттық дәстүрден бастау алатын көркем тіл мен астарлы ойдың өзгеше пішінмен түрленген көркем дүниесіне арқау болды. Қазақ баласына тән өлең сөзге әуестік, жас күннен қысса, өлеңдерді көп оқу мен Абай сөзімен сусындап өсу, әрі алғашкы өлеңінің «Қазақ» газетінің бетінде жарық көруі, жазушының өз сөзімен айтқанда, «қалам ұстауына үлкен себеп болған» [2, 379).

Арада бірнеше жыл өтіп, әдебиет беті заман талабына сай белгілі бір бағытқа ойыса бастаған тұста, Жүсіпбек әдебиеттің нағыз әдебиет болып қалуына негіз болар шарттарды тағы да қайталап, қазақтың ақын-жазушысын пікір майданына шақырып, қазақ әдебиетінің озық дәстүрлі әдебиет болуын көздеген ойынан танбайды. 1927 жылы жазылған жазушының «Көркем әдебиет туралы» атты мақаласында «...Шын жүректен, табиғатынан қайнап шықпаған сөзде жан болмайды... Бүгінгі төңкеріс туғызған жазушыларымызда еңбекші таптың дүние тынысын, жан дүниесін, тілеген арманын өнер моншағының көзінен өткізіп көрсетерлік күшті қалам әзір білінбейді» [1, 252] деген өкініш білдіреді. Жазушы назары – жүректі қозғар табиғилық пен жан дүние сырына үңіле білер шеберлікте. Шын өнердің, Ж.Аймауытов пікірінше, мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (критика), суретшілдік (художественность), жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, (лирика), ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік (сатира) қырлары болуға тиіс. Бұл жазушының Абай өнерінен шығарған тұжырымдары болатын.

Төңкерісшіл әдебиеттің өкілдері «қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі

4

алатын дәуірге жеткен жоқ» деген күдікпен жүргенде, С.Сәдуақасов «қазақ әдебиеті өткеннен де, қазіргі халінен де үлгі-тәжірибе алады. Өзінен-өзі үлгі алатын дәуірге әбден жетті. Тегінде өзінен-өзі үлгі ала алмайтын әдебиет болуға тиіс емес. Өткенді ұмытып, өткеннің бәрін мансұқ қылып тастағанда жаңа қайдан өспекші» ]3, 252] деп тұжырып, Абайдан қазақ ақындары, ең алдымен, шеберлікті үйренуі керек дейді. Заманының озық ойлы қаламгер азаматтарының пікірінің тоқайласар тұсы – Абай өнерінің қазақ әдебиетіне асыл үлгі болатындығы. Абай өлеңінің «тереңнен толғайтын, суретшіл, жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік» сипаттары сол бұлақтан нәр алған жазушы қаламына да әсер етіп, проза жанрының көркемдік мүмкіндігінің көкжиегін кеңейткеніне Ж.Аймауытов шығармашылығы дәлел.

1927 жылы С.Сәдуақасов қазақтың атақты үш жазушысының (М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин) бірнеше әңгімесін орыс тіліне аударып, «Молодой Казахстан» атты жинақ құрастырып, оған алғысөз жазады. Құрастырушы қазақтың талантты жазушыларына қысқа да тұжырымды баға береді. «Жүсіпбек-прозамен де жазатын ақын. Ақындық рух Ж.Аймауытовтың өзіне тән стилінен байқалады. Оның шығармалары қарапайым прозадан гөрі өлеңмен жазылған прозаны көбірек еске түсіреді» [3, 344] дейді. Бұл пікір Ж.Аймауытов шығармашылығына өз кезінде берілген алғашқы әділ бағаның бірі болатын. Кеңестік саясаттың ызғарлы жылдарында жабық жатқан Аймауытов прозасы арада біршама уақыт өтіп, көркем талап пен талғам күшейіп, прозаның озық үлгілері туған жаңа заманда да өзгеше бітім, ақын қаламынан туған қара сөздің үздік үлгісі ретінде қабылданған даралығынан айнымады. 20-шы жылдардан басталып, кейінгі жылдарда жалғасын тапқан зерттеулердің негізгі түйіні

5

Ж.Аймауытов прозасының қалыпты прозадан бөлек, ақындық қуаттан бастау алатын, метафораға құрылған, қазақтың көркем тілінің көкжиегін сөздік қор тұрғысынан ғана емес, оқырманға эмоциялық, экспрессиялық терең әсер беретін әуезді, күйлі шығарма деген пікірге келіп саятын.

Көркемдік қатынас категориясы тұрғысынан қарағанда орта мен автор, автор мен шығарма, шығарма мен оқырман арасындағы табиғи байланыс кері әсер арқылы бір-біріне ықпал етіп отыратын күштер екендігі белгілі. Ақынның қалыптасуы мен шеберлігінің шыңдалуы оның өзіне ғана емес, ортасына да байланысты екендігін ескерсек, Жүсіпбек прозасының даралығының сыры халық дәстүрінің табиғатын меңгерген шеберлігінен көрінеді. Белгілі ғалым А.Ісімақованың пікіріне сүйенер болсақ, қазақ прозасы бүгінгі әдеби процеспен де, фольклорлық мұрамен де тарихи-әдеби байланыста болады. Қазақ прозасының жанрлық жүйесінің өзіндік ерекшелігін тану үшін жүйелер (фольклор мен әдебиет) арасындағы байланысқа, яғни фольклорлық жүйенің әдеби туынды жанрына әсерінен туған жаңа көркемдік қырларға мән берген жөн. [4, 136]. Табиғи байланыстың үзілуі тұтас көркемдік жүйенің бұзылуына әкеліп тірейді. Осы тұрғыдан келгенде, ауыз әдебиетіне тән көркем қасиеттердің жазушы шығармаларынан көрініс беруі, жаңғыруы, жаңаша түрленуі заңды да, табиғи құбылыс болып шықпақ. Бұл құбылысқа жазушының қаны мен жанына сіңген асыл қазынаның табиғи жолмен жаңғыруы деп қараған жөн секілді.

А.Ісімақова қазақ прозасы мен поэзиясының тектік бірлігін, қазақтың асыл поэзиясының негізінде қалыптасқан прозадағы лиризмнің көрінісін табиғи құбылыс ретінде қарастыра отырып, оның көркем тәсіл ретінде негізделуіне толғау жанрының тікелей қатысы бар

6

екендігін айтады. Толғау жанрының ерекшелігі, ғалымның пікірінше, автор бейнесінің әрі эпикалық, әрі лирикалық тұрғыдан көрінуіне мүмкіндік беретін синтетикалық қасиетінде. [4, 143-144]. Ж.Аймауытов прозасындағы лиризм табиғатының бір қыры халықтың көркем мұрасын жастайынан жан азығына айналдырған, жазушының ақын болмысынан туындайтын ерекшелікте.

Жастайынан қазақтың өлеңді ортасында өсіп, қанына тегінен дарып, ортасымен бекіген ақындықтан, жанталаса соққан ақындық жүректен туган көркем дүние Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық ғұмырбаянын өзгеше талдап, жаңаша бағалауға ықпал етпек. Бала жастан өмірден көргені мен түйгенін өлеңге айналдыруға бейім боп өскен ақынжанды жазушының тұтас шығармашылығының ақынға тән әсершіл, байқампаз, өмір шындығын дөп басатын нағызшыл (реализм) сипаты жайында айтылған пікір баршылық. Белгілі жүсіпбектанушы ғалым Р.Тұрысбеков «... Тегінде Ж.Аймауытовтың көркемдік әлемінен сыр тартқанда, ең алдымен өмір, уақыт шындығын тамыршыдай тап басып көрсететінін, осы өзгешелік кейіпкер психологиясы арқылы да айқын ашылатынын айту ләзім» дейді. Біздің мақсатымыз – Ж.Аймауытов прозасындағы реализмнен бастау алатын лиризмнің ерекшелігін саралау.

Жүсіпбектің қара сөзге саз, әуез дарытып, жан жүйе мен сезім суретін шеберлікпен бейнелеу қасиеті оның прозалық туындыларынан ғана емес, оқшау сөздерінен, аудармаларынан, мақалаларынан, драмалық шығармаларынан да көрінеді. Жүсіпбек шығармашылығында шағын көлемді, лирикалық пафоспен, өлеңге бергісіз қара сөзбен жазылған (Мағжанның «Домбыра», «Балапан қанат қақты», Қошкенің «Тұтқынның ойы» «Қазақ әйелдері» секілді

7

шығармаларына жақын) туындылар да бар. С.Қирабаев Аймауытов шығармашылығына тән лиризмнің төркіні жайында: «Жүсіпбек - табиғаты ақын адам. Ол өлең жазушы есебінде ғана емес, бар сөз байлығымен, ойлау жүйесімен, тілінің бейнелілігімен, ырғақты, тапқыр ұйқасымен барлық өзі жазған жанрда ақын. Бұрын біз ақ өлең үлгісін өзгелерден іздеуші едік, енді оның төркіні Жүсіпбекте жатқанын көріп отырмыз» [5, 123]. Ғалымның пікірімен келісе отырып, біз алдымен Жүсіпбектің аудармалары мен оқшау сөздеріндегі, лирикалық шағын әңгімелердегі көркемдік сипатты тексеруді жөн көріп отырмыз.

Жүсіпбек «Өз жайымнан мағлұмат» атты анкетаға жауабында өзіне ұнайтын бірнеше жазушыны атайды. Олардың қатарында Мопассан, Мольер, Гюго, Джек Лондон, Шекспир, Гоголь, Пушкин, Горький, Беркович т.б. бар. Көркем аударманың сәтті шығуы үшін ең маңызды шарттардың бірі түпнұсқа авторы мен аудармашының жан әлемінің үйлесіп, тұтас көркемдік алаңын құруында болса керек. Үйлесімнің астарында шеберлік жолындағы, көзкарастағы ортақтық, көңіл ауанындағы жақындық, көркемдік ізденістегі орайластық пен шеберлікті ұштауға түрткі болар талантты тани білетін жітілік жататыны белгілі. Жүсіпбек аудармаларының сәтті шығуының себебі шеберліктің үлгісі болатын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын, өзі де ерекше әсерленген озық шығармаларды ғана аударуды мақсат тұтқан ұстанымына байланысты деп ойлаймыз. Көркем аударма өз алдына оқшау тұрған сала емес, жазушының көркемдік жолындағы ізденісінің шыңдалуына себепші тұтас көркем әлемнің маңызды бір бөлшегі. М.Горькийдің «Сұңқар жыры» туындысын Мағжан да, Жүсіпбек те аударғаны белгілі. Мағжан аудармасындағы «Сұңқар жыры» 1923 жылы, Жүсіпбектің қаламынан шыққан «Өлең сұңқарқа» 1924 жылы

8

жарық көрді. Екі қаламгердің де аталмыш аудармаға ден қоюында Горький туындысының өзгеше бітімі мен терең ой, асқақ сезімге құрылған ерекшелігі жатыр деп ойлаймыз. Заманның шындығы аллегориямен, ақынның қуатты тілімен жырланады. Жыр соңындағы автор толғауы шығарманың идеялық мазмұнын, оның лирико-романтикалық қуатын күшейте түседі. «... Ерлердің көзсіз ерлігін, мадақтап біздер жырлаймыз! Ерлердің көзсіз ерлігі, даналығы тұрмыстай. Есіл ерім, ақ сұңқар! Алысып жүріп жауыңмен қаны ақты сел болып... Ерлердің көзсіз ерлігін өлеңдетіп жырлаймыз!» [6, 214-215]. Мағжан мен Жүсіпбек аудармасының пафосында өзгешелік бар. Жүсіпбек аударманың ішкі қуаты мен ырғағын, сезім күшін, жырға тән ағынды экспрессияны сақтап аударуды мақсат еткен. Горькийдің сұңқар жырын аударуда Жүсіпбектің ақынжанды, лирикалық стихияға жақын табиғаты бой көрсетеді. Бұл - жазушының жан қалауымен жасалған, әрі жазушының шеберлік сырын тануға септігі мол дүние екендігін дәлелдейтін құбылыс. Сондай-ақ, формасы жағынан аударма қара сөз үлгісін еске салынғанымен, оқырман оның романтикалық пафосынан, баяндау тәсілінің ерекшелігінен өзгеше бітімді поэзиялық туынды оқып отырғанын сезінеді. Әрі шығарманың сұңқарға арналған жыр (өлең) деп берілуіне назар аудармасқа болмайды.

Жүсіпбек аудармаларынан байқалған тағы бір ерекшелік - жазушының әйел табиғатына қатысты көркем дүниелерді арнайы аударуы. Конрад Берковичтің «Өрбикесі», Рабиндранат Тагордың «Балжаны», «Пәренжі (Перде) ертегісіндегі» ханша мен «Қатындар» ертегісіндегі әйелдің аяр әрекетін аудару арқылы Жүсіпбек адам психологиясының күрделі табиғатын, әйел образы арқылы өмірдің

9

қатпарлы шындығын тануға тырысады. Оның үстіне Жүсіпбек аудармаларының басым көпшілігі («Өрбике» әңгімесінен өзгесі) «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» шығармаларынан бұрын баспа бетін көргенін ескерсек, жазушы шеберлікпен қолданған психологиялық тәсілдің күшеюіне аталмыш аудармалардың әсері болғанына күдік келтірмейміз.

Көркем аудармашылық - жазушылықты ұштайтын, шеберлікті шыңдайтын, ойға ой қосып, көркемдік көкжиегін кеңейтетін сала. Оның жеке қаламгер қызметіне ғана емес, ұлт әдебиетінің де қалыптасып, дамуына әсері мол.

Жүсіпбек прозасына тән реализмнің өзіндік ерекшелігі бар. Жазушы реализмінің прозадағы алғашқы көлемді көркем үлгісіне баланатын «Қартқожа» романының кей тұстарында автор шығарманың эпикалық сарынын лирикалық толғанысқа салып, оқырман сезіміне от тастап, желпінтіп алатын тәсіл қолданады. Профессор Қ.Ергөбек «Қартқожаны» роман-новелла деп бағалай отырып, шығарманың табиғаты жайында: «Қимылға құрылған, характер ашарлық тіл. Әдеттегідей, динамикалы баяндау» [7, 184] бар дейді романда. Бұл стильдік белгі тек «Қартқожа» романынан ғана көрініп қоймай, басқа шығармаларының табиғатына да әсер етіп, Жүсіпбек прозасының даралығын байқауға негіз болып отыр. Жазушы сөздің әсер туғызғыш, адам жанына серпіліс берер күшін игерген білгір ретінде, кейіпкер, оқиға психологиясын ашуда экспрессиялы- динамикалық тәсіл арқылы психологиялық күйдің қимыл мен әрекетке құрылған көркем жүйесін түзеді.

Кейіпкердің жан әлеміндегі өзгерісті, қуаныш пен көңіл сілкінісін суреттеген кезде автор кейіпкермен бірігіп, біртұтас образға

10

айналады. Бірыңғай авторлық баяндаудан тұратын романның орта тұсында Жүсіпбектің көтеріңкі көңіл мен шалқыған сезімді суреттеудегі тіл шеберлігі еріксіз жарқ ете түседі. Жалпы, Жүсіпбек жазушы ретінде, көңілі қалаған, жанына жақын, сезіміне әсер берер жайларды ерекше шабытпен, ақындық пафоспен желпіне суреттейді. Қартқожаның елге қайтып келе жатқан тұсын баяндайтын «Жолда» бөліміндегі қуанышты сезімге бөленген кейіпкердің психологиясы дәл сондай қуатты экспрессиямен ашылады. «Поезға міндік - ауылға келдік! Шіркіннің жүрісі дүлдүл емес пе? Ойын-күлкі, қызық, думан, өлең, айқай, ән, басқан сайын тау, орман, өзен, көпір, пароход. Қала, қала, қала...» [8, 100]. Авторлық толғауға құрылған «Туған жер» бөлімі - романның ең бір шұрайлы тұсы. Автор мен оқырман арасындағы нәзік байланысқа себепші болар астарлы диалог - Жүсіпбек прозасына тән лиризмді ашатын сәтті тәсіл. Автор оқырманын ертіп, кейіпкерінің алдынан шығуды ұйғарып, өзі сусындаған қазақ фольклорындағы «әлқиссаның» прозадағы үлгісін жасайды. Жүсіпбек прозасындағы реализмнің қуаты - автор толғанысынан туған сыршыл, жүректі қозғар, сезім диалектикасына негізделген лиризмде. Романтизмнің қашан да лирикалық табиғатқа жақын келетіндігін, әйтсе де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына ғана дәлел болып қоймайтындығын, оның әрі романтикалық, әрі реалистік негіздерде өмір сүретіндігін айтады лиризм теоретигі С.А.Липин.

Жүсіпбек прозасындағы лиризмнің бір қыры «ақындық проза» табиғатынан туатын «қара сөзбен жазылған өлең» (стихотворения в прозе) жанрынан да көрінеді. Әлемдік әдебиетте, оның ішінде орыс әдебиетінде де поззия мен прозаның бір-біріне әсерінен туатын табиғи ауыс-түйістер негізінде жаңа жанрлық үлгілердің пайда болу

11

мысалының мол болғанын ескерсек, ол жанрлық-құрылымдық ізденістердің өткен ғасырдың 20-шы жылдары қазақ әдебиетінде де көрініс бергенін байқаймыз. Мағжанның «Балапан қанат қақты», «Домбыра», Қошкенің «Тұтқынның ойы», «Ерлік-жүректе», «Қазақ әйелдері», С.Сәдуақасовтың «Өртен», Жүсіпбектің «Жапырақтар» шығармасы лирикалық әуезі басым, оқырманын толғанысқа салып, автор әлеміне жақындататын ырғақты ой мен сезімге құрылған, поэтикалық элементтері мол қара сөз үлгілеріне дәлел болады.

Орыс әдебиетінің классик жазушысы И.С. Тургенев өмір бойы өлең жазуды тоқтатпаған, идеялық-жанрлық ізденіс жолындағы тәжірибелерін үздіксіз жүргізген талантты қаламгер. Тургенев өмірінің соңына таман «қара сөзбен жазылған өлең» («стихотворения в прозе») жанрында көп еңбектеніп, оның орыс әдебиетіндегі үздік шеберлерінің біріне айналды. Тургеневтің аталған жанрдағы шығармаларына өз кезінде «ақын жанының үні» деген баға да берілді. «Өлеңдегі» терең лиризм, эмоциялық баяндау, әрі көлемнің шағындығы оны лирикалық поэзия табиғатына жақындатты. Эмоциялық қуат, нысанаға алынған нақты бір сезім ағынының суреті жанрдың эпикалық қуатын әлсіреткенімен, есесіне оның бойындағы прозалық ырғақты күшейтті. Прозалық ырғақ шығарманың өн бойына біртұтас тыныс дарытты. Нәтижесінде, жанрдың эмоциялық-лирикалық мазмұнын қалыптастырушы ретінде прозалық ырғақ «қара сөзбен жазылған өлең» атты жанрлық синтездің тууына себепші болды. Бұл жанрдың қазақ әдебиетінде көрініс беруі еліктеп, үйрену негізінде туған дүние емес, керісінше ақын болмысты табиғаттан туған құбылыс екендігін байқаймыз.

Жүсіпбектің «Жапырақтар», «Жарасымды сүгіреттер», «Далада

12

Наурыз» атты шығармалары «қара сөзбен жазылған өлең» жанрына жақын келеді. «Жапырақтар» - аллегорияға құрылған лирико-философиялық шығарма. Жазушы өмірдің тұспалданған жанды суретін метафора тәсілімен ашады. Метафора - дәстүрлі сөз мағынасының ұқсастық шарты негізінде жаңа көркем мағынаға ие болуы. Романтизм теориясында өмірдің метафоралану тәсілі жиі қолданылатындығы, әрі оның ақын тілінде «жанданып» кететін қасиеті жайында айтады атақты поээия теоретигі Жирмунский. Табиғаттың құпия сырына үңілген сайын ол жанды дүниеге айнала береді. Метафора - өмір шындығын поэтикалық тұрғыдан тануға ұмтылыстың белгісі. Осы тұрғыдан келгенде Жүсіпбектің «Жапырақтар» шығармасы өмірлік шындықтың метафорасы болып шықпақ.

Автор-кейіпкердің оқырманды «үнсіз диалогқа» шақырған сұраулары, авторлық толғаныстың әсерін арттыратын көркем тәсілдер, шығарманың өн бойындағы эмоциялық-лирикалық ырғақ, философиялық ой - бәрі қосылып, «Жапырақтар» шығармасының лирикалық қуатын күшейтіп тұр. Аталмыш жанрдағы Жүсіпбек ізденісі «прозамен жазатын ақын» деген С.Сәдуақасов пікірінің дәлдігіне мысал болмақ. Лирикалық сазы басым миниатюраның эмоциялық әсерін күшейтіп тұрған тәсіл-автордың арнайы сұрау тастай отырып, оқырманды өз ойын бөлісетін «көрінбейтін» кейіпкерге айналдыруы. «Жапырақта» жан жоқ деп ойлайсыз ба? Оларда да жан бар... Жапырақсыз жаз бола ма? Жаз болмай, ел мәз бола ма?..» деп келетін автор толғанысы оқырман ойына да сәуле түсіріп, оны да өз әлеміне қарай біртабан жақындата түседі. Жапырақтар «өмірінің» жанды кейіпке енген бейнесі көз алдыңызға табиғат суретін ғана

13

емес, өмірдің көркем образын да әкеліп, шығарма романтикасын күшейтеді. Жазушы жапырақтарды жанды дүниеге айналдыру үшін оның сыртқы кейпінен мінез әлеміне үңіледі. «Көбелектің қанатындай желбіреп, жыбыр-жыбыр, жырт-жырт етіп сыбдырлайды», «ағаштың өре басындағы, желдің өтіндегі жапырақтар ұрандасып үн қосқандай, кейде зуылдап, судырлайды. Кейде жалпылдап, қалбалақтап, ішін тартқандай болады... Ең төменгі бұтақтарға көз салсаң, жапырақтары арба астындағы шыбын қаққан бұзаудың құлағы тәрізденіп әрең-әрең, анда-санда бір селбеңдеп, қыбырлаған болады... Ағаштың ық жағындағы жапырақтар желге тұяғын да серіппейді, құлақтарын салпитып, салбыратып, қалғып тұрған іспетті... желпілде, жалпылда, суылда, дуылда, жасыл жапырақтар» [9, 145-146] дейді автор. Жазушы «жапырақ - ағаштың өкпесі», «жапырақ - ағаштың құлағы», «жапырақсыз ағаш-қу түбір», «бар үмітің-жапырақта» деп келетін метафорлық тұжырымдары арқылы шығарманың сезімді ғана емес, ой қозғар қуатын күшейтеді. Автор «жапырақ» метафорасы арқылы адам мен оның тіршілігінің көркем бейнесін жасайды. Көркем метафора философиялық толғамға жетелейді.

 

"ҚазҰУ хабаршысы" . Филология сериясы

Алматы №4-5 (128-129) 2010

 

1

Т. Р. ӘБДІҚАДЫРОВА

 

Ж.АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ КӨРІНІСІ

 

Адам әлемі қашан да өзінің тылсым сырымен таң қалдырады. Осы реттен келгенде, «Кабуснамадан» келтірілген төмендегі үзіндіде үлкен мән бар: «Адамдардың бірінші түрі – біледі, біле тұра білмеймін дейді: екінші түрі – біледі, біле тұра білмеймін дейді: үшіншісі – білмейді және білгеннің тілін алмайды». Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі – білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер; екіншісі – білуге де, айтуға да қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер; үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер; төртіншісі – білуге керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер.

Осындағы адам әлемі, жаратылыс табиғаты, ақыл-парасат пен кемшіл тұстары қазіргі кезеңде де айқын аңғарылады. Ұлы Абай айтқан: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демектік не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп, «ол немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді»  деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген», немесе «Адам ата-анадан

2

туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсек, жаман дегеннен сақтанса, сонда соны адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде жайқақтай, салғырттанып не салбырап есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол  жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзінді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады» деген ақиқат ойлар кеше қандай мәнді болса, бүгін де қадір-қасиеті артып, маңызы жоғарылап, асқақтап тұр. Өйткені, адам-адамзаттың ұлы байлығы, қоғам күші, өмір мұраты Ұлы мұратқа – асқақ айбын тән. Адам мұраты – ұлы игілік.

Өмір мәні, адам мұраты уақыт сыры осы. Әлеумет мәселесі әр кезде-ақ маңызды орын алған. XX ғ. басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, педагог, психолог Жүсіпбек Аймауытов «социалдық педагогика» мәселесі: «әр адамды жеке адам деп қарамайды, көбінесе әлеуметтің мемлекеттің мүшесі» деп таниды. «Адам өз қызметін өзі жеке атқара алмайды, рудың, халықтың мүшесі болып атқарады» деп түсінген автор қоғам байлығы – адамды, оның іс-әрекеттерін, ой мен сөз жүйесін ерекше атайды. Бұл тұста адам - табиғат жемісі болғанымен, белгілі бір қоғам аясында өсіп, есейетіндігі, ұжымдық негізде тәрбиеленіп, ерекше қабілет пен кемелдікке қол жеткізетіндігі сөз етіледі. Бұдан «Адам – өзінің табиғаты жөнінен қоғамдық тіршілік иесі» (Аристотель) болатындығы

3

айқын аңғарылады.

Ж. Аймауытовтың бұл бағыттағы ізденіс, көзқарастарын құптаған орынды. Өйткені: адам, оның қоғамдағы орны, мемлекет мүшесі ретіндегі міндеті – пайдалы қызметке негізделуі тиіс.

Осы реттен келгенде, адам табиғат жемісінен өзге саналы іс-әрекеттін, қоғамның шешуші тұлғасы ретінде әр алуан мәселелерге араласуы қажет. Сол арқылы жеке тұлғаның қабілеті танылады. Қоғамдық іске еңбекке көзқарасы өзгереді.

Бұл – әлеумет тәрбиесінің жемісі, нәтижелерінің бірі.

Біздіңше, әлеумет тәрбиесі, оның жеке тұлғаға әсер-ықпалы қоғамдық өмірде ерекше орын алады. Мұның әуелгі түп-негізі – адам мен оның еңбек, көзқарастарына тікелей байланысты. Жеке тұлғаның толық адам деңгейіне көтерілуі қоғам жемісі,  әлеумет тәрбиесінің әсері екені анық.

Демек әлеумет тәрбиесі адам өмірінде, өсіп-есеюінде айырықша манызы бар.  Мұның бүгінгі күні де мәні айырықша.

Сондай-ақ, ғалым ұлттық-тәлім-тәрбие төңірегінде де кең көлемді сөз етеді. Оның мәні, қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы орны байыпты баяндалады. Ал, тәлім-тәрбиенің мақсаты туралы айтқанда: «... әр заманда әртүрлі болған, себебі неге десеңіз? – ол мынадан: тұрмысының шарттары, әлеумет құрылысының қалпы қандай болса, тәрбиенің мақсаты да соған қарай құрылған», – деп қоғам, қоршаған орта әсеріне зор маңыз беріледі.

Социалдық педагогика рулық кезеңде, құлдық дәуірде де болған. Патшалық империя тұсында, одан XX ғ. да орын алған. Бірақ, сипаты әр алуан болады. Ең негізгісі, aвтор тәрбиенің мағынасы мен мақсатын адам табиғатымен, өмір тұрмысымен байланыстырады.

4

Бұл реттен бес түрлі сипат айырықша аталады. Олар: дене – сезімді зат, жан – қайраты бар зат, адамгершілік – сапа, әлеуметтік – мемлекеттік зат, шеберлік – суретшілік зат.

Біздіңше, бұл белгі сипаттар адам жаратылысымен, күллі табиғатымен тығыз байланысты. Адам әлеміне тән қоғамдық-әлеуметтік мәселелерден бастап, дене-жан сипаттары. Адамгершілік сапа-белгілер өмір тұрмыспен, іс-әрекеттермен байланысты көрсетіледі де тәлім-тәрбие арналарымен қатар керсетіледі. Ал, адамгершілік сапа, шеберлік, суретшілік турасындағы сипаттар тәрбие негізі, құрамдас бөлігі болумен бірге адам әлемін құрайтын, оны жан-жақты толықтыра түсетін ажырамас белгі-ерекшеліктер ретінде көрсетіледі. Бұл белгі-сапалар адам әлемінің жемісті әрі толыққанды көрсеткіш нәтижесі болып табылалы. Сол секілді бұл сапа-сипаттар адам тәрбиесінде, қоғам, мемлекет ісінде айырықша орынға ие. Жүсіпбек Аймауытов оттан да ыстық – Отанды адамшылықтың биік белесі, ал оған құрмет пен сезім өзгеше болу керектігін айырықша атайды. «Адам тек адамдар арасынла ғана адам бола алады» (И. Бехер) деген қағидалы ойлар, қоғам, заман, уақыт бедерлерімен биіктей түседі. Ең негізгісі, тәрбие тәлім-белгілі бір ортада қалыптасып, кең өріс алып, дамитыны жан-жақты бағаланады.

Бұдан басқа ортақшылық тәрбие, оның мақсаттары қайсы бір ұлтпен ұлыстың өзіндік мұраттарына негізделеді. Мысалы, Грек тәрбиесінде – баланы өмірдің бар қызығын көріп, өзіндік еншісін алу жатады. Байлардың тәрбиесіне – өмірдің бар игілігі мен пайдасын көру кіреді. Ал кеңес кезеңінде қожалық жасау құлдық сипат жойылады, ер-әйел адамдардың орны, міндеттері айқын болады.

Ақиқатында, кеңестік кезеңде бір орталыққа бағынған жүйе

5

қалыптасты, ұсақ ұлттарға, зиялылар қауымына әр тараптан қысым, кедергілер жасалды. Жаугершілік кезең, отаршылық дәуір, миссионерлік құбылыс пен патшашыл бағыттардың бел алғаны енді айтылып, жазыла бастады. Мұнын демографиялық дамуына ғана емес, ұрпақ тәрбиесінде де алар орны ерекше.

Осы орайда, ортақшылық тәрбиеде оқу-білім де, мақсат-тілек те өз орындарында болу керек. Еңбек мектебі – жас ұрпақты кәсіпке, шаруаға үйретсе, политехникум мектебі – «тар көзді маман шығару емес» өмірге, еңбекке қабілет икемі бар, ойындағысын іс жүзінде асыра алатын адам тәрбиелеу. Нақтырақ айтсақ, ой-сезімі толысқан, өзіндік көзқарасы бар, ұйымдастыру қабілеті жоғары адам болып табылады.

Бұдан шығатын түйін: бұл жайлар ортақшылдық тәрбиенің қалыптасып, дамуына өз септігін тигізсе, ұйымдасу дағдысын орнықтыруда – ойын ерекше мәнге ие болады. Бұл ретте ересектер үшін – еңбек ету, еліне, жеріне қызмет ету қандай қажет те, кәделі іс болса, балалар үшін де ойын қымбат. Ойын арқылы бала жанын, тәнін өсіреді, әрі жаттығып есейеді. Ендеше, «Ойын – бала үшін ойын емес, шындық» (К.Д. Ушинский), «Бала ойынында көбінесе терең мән бар. (Ф. Шиллер) деуінде шындық та, негіз де бар.

Италия саяхатшысы Марко Поло (1245-1324) өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қазбөрі» ойынының шығу тарихына ой жіберіп, бұл ойын Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен, яғни таптық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді. Ұлт ойындарының шығуына көп көңіл бөлген ағылшын ғалымы А. Маккей де осы пікірді тереңдете түсіп, түрлі құмалақ ойындары, бастас, асық, садақату т.б. ұлт ойындары Азия еллерінде

6

шамамен 5 мың жыл бұрын ойналып таралғандығын айтады.

Ол ертедегі Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың негізгі кәсібі аңшылық болған. Тайпалар аңға шығар алдында дайындық жасап «карачие» ойнымен айналысқан. Бұл ойынға қатысқандардан шыдамдылықты, мергендікті, қол күшінің мықтылығын талап етеді, – деп көрсетеді.

Бұл сияқты бала кезінен ойнаған ойындардың көшпелі тайпалардың адамдарды аңға шығарда мергендікті меңгерсе, ал жаумен жекпе-жекте шайқасқанда оңайлықпен берілмейтін болған.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруіне байланы¬сты әлеуметтік-экономикалық негізінде дамып жетіліп отырған. Ойын арқылы баланын өмірге бейімделуін, өз орнын табуын қадағалай отырып, сана-сезімінін дұрыс қалыптасуына болатындығы осылайша ғалымдар еңбектерінде зерттелген.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктері әлі де талай зерттеудің қайнар көзі болып табылады. Бұл ретте Ж.Аймауытовтың шығармашылығының бастау көздері болған ұлттық тәлім-тәрбие туралы жазған жазушы ой-пікірлері тәуелсіз еліміздің алаш рухында тәлім алып жатқан ұрпағына қызмет ете береді деп ойлаймыз.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары

№1 2008

 

1

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы

 

ӘДЕБИЕТ СЫНМЕН КӨРКЕЙЕДІ
Ж.Аймауытовтың сыншылық қызметі хақында

 

Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иeci Ж.Аймауытов көркем шығармашылықпен бipгe өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікралысуларға да батыл араласып, жазу өнepi жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған. Оның қазақ әдебиетінің өзекті жақтарын қозғаған мақалаларының жалпы саны жиырмадан асады. «Жаңа батырдың» қалай қойылғаны» («Қазақ тілі», 15.03.1922) сияқты шағын хабардан, «Мәшһүр аға» (1927) деп басталатын М.Ж.Көпеевке жолдаған хаттарынан бастап, «Мағжанның ақындығы туралы» («Лениншіл жас», 1923, №5) атты әйгілі шығармашылық портреті секілді сынның түрлі жанрларында, формаларында жазылған мақалаларда қаламгердің нәзік әдеби-эстетикалық болмысы анық көрінеді. Өз ойларын ашық айта білген, жазушы енді бірде түрлі жағдайларға байланысты кей мақалаларын бүркеншік аттармен де жариялаған (А.Ж., Жанақ, Желкек, Екеу, Юсіпбек, Төртуыл).

Ж. Аймауытов «әдебиет - өнер» деп бөледі. Сондықтан да «Өнер азды-көпті еркіндік тілейді. Қазақ әдебиеті көгерсін, гүлденсін десек,

2

жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сыңаржақ кетпеу» (Әдебиет мәселесі «Ақжол», 1.04.1925) керек. Бұл жолдарда Жүсіпбектің әдеби ойларының негізін түп қазығы жатыр. Осы ойын ол тағы бірде таратынқырап, «Әдебиеттің күшеюіне, қаламшыларға азды-көпті еркіндік керек. Мүйіздеп қысымшылық көрсете бермеу керек» («Еңбекші қазақ», 1927, 8-9 тамыз), - деп түсіндіреді. Демек, әдебиет - сөз өнері, «өнер істеп үйрететін - шеберлік» (Көркем әдебиетті саралау. «Ақжол», 17.04.1925). Оған таптық тұрғыдан қысым жасауға болмайды. Осы негізгі ой оның әдебиет жайлы білдірген пікірлерінің орталық өзегіне айналып, өн бойынан байқалып отырады.

«Елесте» төңкерістен кейін қазақ әдебиетінде өpic алған келеңсіз жағдай аяусыз сыналады. Бірінші жақтан баяндалатын әнгімеде бас кейіпкер жазушының өзі бip мақала жазып тастау керек болып, столға отырғанда қаламы жүрмей, не жазарын, қалай жазарын білмей қиналып отырады. Бip кез қалғып кеткен екен, кез алдына «кеудесі портпел қолтықтап, аптомобел мінген кеудесіндей кердеңдеп басып, бip жігіт сап ете түсті». Елес: «Төңкерістен бepi не жазып жүрсіңдер?» – деп жазушыны тергеуге алады. Оның берген жауабында сол кез әдебиетінің тақырыптық, идеялық бағыттары көрініс тапқан: «Біз төңкерістің берген бостандығын, теңдігін жазамыз. Төңкеріс жолында құрбан болған ерлерді өлең қыламыз. Ортақшылдар жолын, Кеңес өкіметін мақтаймыз.

...еңбекшілерді тап күресіне шақырамыз; әйелдер теңдігіне арнап жазамыз. Жастарды оятамыз, жұртты оқуға үндейміз. Байды, жуан жұдырықты түйрейміз... Ескі молдаларға, дінге, ескі әдет-ғұрыпқа қарсы сөздер де жазылады» (Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар

3

жинағы. ІІ-том, 67-бет). Бұл жауапқа көңілі толмаған Елес: «Содан бepi қақсап келе жатқан жарапазандарың осы ғой» – деп, наразылығын білдіреді. Нені жазу керектігін жазушыға айтады. Елестің айтқандарынан Жүсіпбектің әдебиетке қатысты көзқарастары көрінеді. «Күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қара боран сөз мезі қылғандай болған жок па? Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы! Алты жылды айғаймен алдыңдар, тым болмаса енді ойлансаңдаршы! Енді бip өмірге, тұрмысқа келетін сөз жазсаңдаршы! «Біздер – жастар – көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жаншып тастап кетеміз, жанып тұрган отпыз, жалынбыз, біз қоймаймыз, біз кеңелтеміз, біз қарық қыламыз...» дей бергеннен не тамады? Мұнын бәpi ет пен терінің арасындағы жел емес пе?..» (сонда, 68-бет) – деп, сол кездеп құр айғай, ұраншыл әдебиетті сынайды. «Төңкеріс жасасын» деп ұрандатқан, жалаулатқан құрғақ сөздердің әдебиет емес екендігін айтқан.

«Біреуің» жаңашыл болғанның жөні осы деп ескі әдебиетті отқа өртеу керек деп жүрсіңдер. Ескі әдебиетті, ескі мәдениетті отқа өртеп, енеден данышпан, енеден еңбекшіл болып туған кім бар еді? Киімшең туған қандай ұл?

Ескі әдебиет, ескі мәдениет байдікі, патшанікі екен. Оларды жоялық. Бeршi, кәне жаңа әдебиетіңді, жаңа өнегеңді! Осыны айтатын ақындар кімнің әдебиетімен суғарылып, жаңашыл бола қалды екен?.. Жаңаға ecкi сабақ, жаңаға ескі баспалдақ емес пе?» (сонда) – деп, өткендегінің бәрі ecкi, оларды үстем тап жасаған, барлығын өртеп-жойып, жаңа заманның жаңа әдебиетін жасаймыз деген пролеткультшылдардың бағытына барынша қарсылық білдіреді. Сонымен бipгe сол кездеп ақын-жазушылардың не болса, соны

4

жазып, мың құбылып, әдебиетті былғап жүргеніне «бүгін – идеалист, ертең – символист, бірсүгіні – футурист, тағы бірдеме «ист», әйтпесе әрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңі, өшті-қасты кегіңе, әлде күншілдігіне бола елдіктің айнасы – әдебиетті ұрыс-керіске, боғауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы!» (сонда, 68-69-беттер) – деп күйінеді.

Заманының әcepi болу керек. Жүсіпбектің «бipey «Асанқайғы», «Шортанбай» болып қазақтың ертегідей өткен күнін жырлап, «зар замандатып» жүр. Өткенді қайтару, өлгенді тірілту кімнің Қолынан келмекші? Тарих өзенін теpic ағызатын қандай «әулие»? Қай Құдай?! Бұ күннен түңіліп, өткенді көксеп, мәдениеттен қашырған қайдан шыққан пайғамбар?» (сонда) – дегенінде тарихты жазу дегеніміз, өткенді аңсаушылық, кертартпалық дейтін сол кездің саяси ұстанымынын салқыны байқалмай қоймайды.

Елестің «Жазушы кім! Ақын кім? Білесің бе? Олар – заманның айнасы. Елдің тұрмысын, өмірін, тілегін, арманын әдебиет айнасына түсіретін солар. Оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ болып қазаққа ұғымсыз, не болса соған еліктемей, шын өмірді, деректі өмірді неге жазбайсыңдар? Төңкерістен бepi қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? Тұрмысқа қандай өзгepic кірмеді?» (сонда, 69-бет) дегендері - шығарма нысаны боларлық тақырыптарды санамалай, нақтылай көрсеткен кейбір жерлерінде замана лебі байқалып тұрғанымен де, негізінен автордың өз пікірлері.

Әңгіменің соңында Елес жазушыға айтарын айтып болған соң:

- Енді осылайша жазасың ба? – деп алтыатарын суырып алды.

- Шамам келмейді ғой, жолдас!

5

Еңдеше, жазтаныңды қоясың ба? – деп ақырып, мылтығын кезеніп кеудеме тақады.

- Қояйын, қояйын... – дедім» (сонда, 70-бет) – деген біраз жағдайды аңғартар оқиғамен аяқталады. Оянып кетіп, көзін ашса, түс екен. Ж.Аймауытов төңкерістен кейінгі қазақ әдебиетіндегі келеңсіз ахуалды өнердің шарттылығын пайдалана отырып, түс көру, елес беру арқылы шебер суреттей алған. Ал түсті жоруға келгенде қазақтан шебер халық жоқ екендігі тағы да белгілі.

Ж.Аймауытов сол кездегі ұраншыл қазақ әдебиетіне көңілінің толмайтындығын ашық айтады. «Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазушылары көркем сөздің не екенін білмегендіктен, әйтпесе өнepi жетпегендіктен не болса соны жазып, баспаға түcipiп, көркем әдебиеттің құнын түcipiп барады. Дәмсіз, кенеусіз сөзбен қандай әдебиет болса да туғыза алмаймыз» (Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. V- том. Алматы. 1999, 204-205-беттер) – деп, жиырмасыншы жылдарда үстемдік құра бастаған пролетарлық әдебиетке қарсылығын білдіреді. «Көркем өлеңге құлағы үйреніп қалған қазақ су татыған өленді оқымайды. Ондай өлеңге мейірі қанбайды... Өлең еместі өлең деп, жұрттың алдына тартуымыз ұят» (сонда). «Көркем әдебиеті саралау» атты «Ақ жол» газетінде (17.04.1925) жарияланған мақаладан келтіріліп отырған бұл жолдар авторының эстетикалық талғамының жоғары екендігі, көркем әдебиетке биік талаптар қоя білетінлігі аңғарылады.

Mepзімді басылым беттерінде жарық көрген үгіттік-насихаттық сипаты басым бірнеше өлеңсымақтардан үзінділер келтіре отырып, «мұнда қандай сурет, қандай күш, қандай сезімге әсер берерлік жері бар?» – деп реніш білдіреді. Көркем «әдебиетті қорқытып жібермес

6

үшін» баспасөз бетінде сынды күшейтуге шақырады.

Ж.Аймауытов негізінен поэзиялық шығармалар хақында пікірлер білдірген. Сондай-ақ, әдебиеттің драма, аударма сияқты салалары бойынша да жазған сын мақалалары белгілі. «Қазақ тілі» (қазіргі «Семей таңы») газетінде «Жаңа батырдың» қалай ойналғаны» (15.03.1922) атты қысқа хабар «Төртуыл» деген лақал атпен шыққан. «Төртуылдың» Жүсіпбек екенін белгілі әдeбиетшi Қайым Мұхамедханұлы айтағақтайды (қараңыз: «Қазақ әдебиеті» 26.06.1992). «Театр кітабы туралы» мақала да Төртуылдың авторлығымен жарық көрген. Ал «Зұлхбире» спектакліне жазылған театр рецензиясы «Ақ жол» (14.11 1924) газетінде «Қызылбас» деген бүркеншік атпен басылыпты. Жүсіпбектің «Зұлхбире» пьесасының қойылымына көңілі толмайды. «Атақты трагедияны көріп, «жаны сусындап» қайтушылар да болған шығар. Өзіміз онша қанағаттанарлық әсер ала алмалық, мақтаулы «Зұлхбиреге» жарымадық» деп, шығарманың бірсыпыра кемшіліктерін  көрсетеді.

Әдеби аударма көркемдік принциптерінің күрмеуі көп, аса күрделі мәселелердің бipi ретінде бұрын да, қазір де әдебиеттану ғылымының күн тәртібінен түспей келеді. Орыс әдебиетінен көркем шығармалар көптеп аударыла бастаған жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Жүсіпбек бұған аса мән беpiп, құнарлы пікірлер айта білген. «Қайткенде аударма дұрыс балады?» деген басты сауалдың төңірегінде күні бүгінге дейін екіұдай пікір бой көрсетіп келеді. Бірінші пікір бойынша, сөзге сөз тауып, түпнұсқадан бұлжытпай, дәл аудару керек болса, екіншісі дәлме-дәл аудару керек емес, оқушының ұғымына лайықтап, қазақ тілінің ерекшеліктеріне қарай аударған жөн дейді.

7

1918 жылдың ақпан айынан бастап Семейде шыға бастаған «Абай» атты журналдың алғашқы санында Жүсіпбектің «Журнал туралы» атты беташар мақаласы жарық көрді. Онда негізінен басылымнын не себептен осылайша аталып, алдына қандай міндеттер қойып отырғанын түсіндіру басты мақсаты болғанымен де, қазақтың ұлы ақыны Абай жайында жарқын ойлар айтылды. Абай жайлы бұған дейін Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды алаш арыстары жылы лебіздер білдірген болса, енді солардың ізін басып келе жатқан Ж.Аймауытов та ағаларынын асыл ойларын әрі қарай жалғастырды. Жүсіпбек әнгімені әріден бастап, қысқа қайырады. Қазақ халқы бұрыннан сөзге құмар. Орыстын отары болған соң «сөз сыбырға, іс жыбырға» айналды, береке кетіп, азды, тозды, сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан болаттай жарқ етіп Абай туды» (Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Бесінші том. А., 1999. 118-бет) – дей келіп, Абайға мынадай сипаттама береді.

«Ақылды, дара, рақымды, әділ, шынға cyсаған  қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық, шыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, харекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп қақсап өткен, халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай – қазақтан шыққан философ (данышпан)». Автор мәселені кеңінен қамтып отыр. Бұл жерде Абайдың ақындығы «Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін

8

түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық, шыншылдық бірдей дарыған Абай еді» деген бір-ақ сөйлеммен сипатталып, негізінен оның қазақ қоғамында алатын аса құрметті орнын анықтауға назар аударылған: «Абай жалғыз ғана ақын (литератор) болды деуге де болмайды. Әдебиетімізге де негіз салған Абай: адамшылық, тәрбие, ғылым, өнер, кәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай. Қазақтың тұрмысын, өнерін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай». Солай болғандықтан «Абайды кай жөнінен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар шәкірт болып, сонынан жүруге тиіс» деп, журналдың атын Абайға не себепті арнағандығын түсіндіреді.

Ж. Аймауытов осы жылдары жазған «Ұлтты сүю» атты мақаласында осы ойларын кеңірек өрбітіпті. Қоғамның жетіле түсуі үшін ұлттық тәрбиенің аса қажетті екендігін, халықты алға сүйрейтін ұлтын сүйген білімді, парасатты азаматтар болатындығын айта келіп, «Басшы тұзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын халық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да – оқығаны... Оқыған – қара халықтың шырағы (идеалы), бұқарасы сонша кәдірлегенін оқығандар білу керек. Халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ болуға жарамаған оқыған халықтың ықыласын қайырады, көңілін шығарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, пайдасы артық тимейді» (Жүсіпбек Аймауытұлы. Ұлтты сүю. «Жас Алаш», 6.03.2001) –  деп жазады.

«Абайдың» екінші санында «Екеудің» «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласы жарияланды. Журналдың алғашқы нөміріндегі беташарда Абайдың жалпы қазақ қоғамының дамуында алатын азаматтық орны айқындалса, «Абайдың өнері һәм қызметі» оның

9

ақындық болмысы туралы терең толғаныстарға толы мақала өзінің құрылысы, мазмұны, айтар ойы жағынан «Журнал туралының» жалғасы іспеттес. «Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық аждаһаны өртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды» деген жолдармен, сезімге толы көтеріңкі тонмен басталған мақаланың өн бойынан соққан осы бір леп соңына дейін бір төмендемейді. Мақаланы ұлы Абайға тағзым, ол туралы толғаныс десе де боларлық. Көрікті ойлар сұлу сөздермен көркем кестеленген.

Абайдың ақындығына мынадай сипаттама берілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімнің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы – әрі ақындығы, «қызыл тілді» шешендігі.

Абайдың ақындық өнері тар жолды бір беткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (критика), суретшілдік (художественность), жүректін мұн-зарын, сырын тапқыштық (лирика), ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік (сатира), һәм керемет переводшиктік» (сонда, 122-бет). Бұл жерде Абай ақындығының өзіндік қыр-сырлары, сыр-сипаты дәл анықталған. Әрі қарай осы негізгі ойларды өрбітіп, оның әрқайсысын нақтылы мысалдармен өрнектей түседі. «Абайдың данышпандық белгісі – өзі шығарған он алты мақалы бар. Мысалының біреуі: «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырын» деген, «Желсіз түнде жарық ай» деп жазған өлені – суретшілігінің зор куәсі», «Абай керемет

10

переводшы болған.

...Кейбір орыс өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің төл өлеңдерінен артық деуге болады».

Жүсіпбек пен Мұхтар Абай поэзиясының әсіресе тіл өрнегін аса жоғары бағалайды: «Абайдың тіл жағына келсек, тілі ұғымды, қысқа, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Өрнекті, дәлшіл, күйлі, таза һәм анық келеді. Тіл терең мағыналы болғандықтан, жұрттың көбіне ұғымсыз, ауыр жерлері де болады... Қазақ тілін анық түрлеп, керекке жаратып, түзеген – Абай» (сонда, 124-бет).

Бұрын қазақ поэзиясында ылғи да мақтау, қошамет, не жамандау, кеміту, сарыуайым болып, мінезді суреттеу, алға жөн сілтеу болмағандығын, ақындық өнер қоғамдағы өз орнын ала алмай, тек күнкөрмешілік құралы болып келгендігін айта келіп, Абайдан бастап өлеңге деген жаңаша көзқарастың қалыптасқандығын айтады. Ақынның қазақ әдебиетінің дамуындағы тарихи қызметі төмендегіше сипатталады. «Абайдан бергі қазақ әдебиетінің беті жаңа түр тапты. Абай бұрынғы ақындардың ұстанып келе жатқан бетін тастап, тыңнан жол салды. Бұл Абайдың бұрынгы ақындардан ақыл көзінің артықтығы болды – бір; ақындығы күшті болды – екі; өленнің өнер екендігін білді – үш. Сонымен Абай ешкімнен үлгі алмай, қазақ әдебиетінің бетін бұрып, мүйіс шығарды. Өлеңшілдікке өзгеше түр кіргізді. Осы күнгі қазақ әдебиетінің түрі Абайдың көрсеткен бетімен келеді. Абайдың ақындық күшінің зорлығы өз заманында жұртты өзіне қаратып алып, кейінгілері де сол ізбен әкеле жатыр» (сонда, 125-бет).

«Екеу» халықтың сауаты, сана-сезімі артқан сайын Абайдың даңқы да арта беретіндігіне сенімді. «Халық жалпы ғылымға бет қойып, көзі ашылған сайын Абайдың сөзнің бағасы артылып, өзінің нұсқаған

11

жолдарына халықтың ұғымын сүйремек, көпшіліктің қараңғы надандығына қарағанда Абайдың көп сөзі ертерек айтылғанға ұқсайды, бірақ іске аспан, керекке жарамай қалмайды» (сонда, 126-бет) – деген ойлардың шындығын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. XIX ғасырда жасаған Абайдың өлмес поэзиясы XXI ғасырдағы қазақ қоғамының да рухани компасына айналып, халқымыздың ұлттық данғыл жолмен дамуына көмектесуде. Мақала «Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргегас. Бұл асыл іргенің үстіне салынған ілгергі қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық» (сонда, 126-бет) деген оптимистік ойлармен түйінделген.

Кеңес өкіметі орнаған соң қоғамдық өмірде басшылыққа алынған таптық принцип мәдеииет саласында да қолданылып, өткеннің мұралары хақында қызу пікіралысулар жүріп өтті. Ұлтжанды қазақ зиялылары әдеби мұраны игеруге ерекше мән беріп, құлшыныс білдірсе, билікке жақын жүргендер феодализм, капитализм кезінде жасалынған мұраның социализм құрылысшыларына қажеті жоқ; олар ескі заманға қызмет еткен, социалистік мәдениетті өзіміз жасаймыз деп даурықты. Міне, осындай кезде Ж.Аймауытов «Әдебиет мұраларын» жариялады.

Мақала «Еңбекші қазақ» газетінде басылған «МБ» атты автордың «Мәдениет мұраларына» үн қосу ретінде жазылған. Бұл мәселенің көтерілуін қолдаған Жүсіпбек «тозған асылдарымыз жаңартылып, жас тарихымыздың мәдениет табағына олжа салуымызбен келешекте дардиып мақтануымыз анық» дей келе, мәдениеттің үлкен бір саласы әдеби мұраға назар аударады. Автордың пайымдауынша, қазақ «ауыз әдебиетінің жүзден бірі баспаға түсірілген жоқ. Ауыз әдебиетіміз

12

қаймағы туырылған күйінде ел аузында қалып отыр. Бірақ бұл күйінде ел аузында ұзақ сақталып, көп жасай алмайды, (...) жұлдырады, қанатын алдырады, мертігеді. Бұның түбі бара-бара біразда жоғалу болады» (сонда, 245-бет). Сондықан да мәдени мұраның үлкен бір саласы саналатын ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, бастырып шығару – кезек күттірмейтін шаруа. Бұл іске шұғыл кірісу керек.

Ауыз әдебиетін жинауға ел ішіндегі көнекөз, құймақұлақ қарияларды пайдаланып қалу керек дей келіп, солардың өзі білетін кейбіреулерін – Ералы Саққұлақбаласын, Мағат Қожас Ақайбаласын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын атайды. Осылардың ішінде Мәшһүр Жүсіпке айрықша назар аударған. Ол турады «Мәшһүрдің 70-ке жақындаған жасы бар. Мәшһүр – бала жасынан дүние кезген адам. Қазақ ішінде Мәшһүрдің баспаған жері аз. Ұлы жүз, Орта жүзді тегіс аралаған. Сол жүрген жерлеріндегі естіген әңгімеден Мәшһүрдің білмейтіні аз шығар. Ол білетін сөздердің жазылғаны да бар, көбін ауызша айтады. Ауыз сөзінде қазақ шежіресінен бастап, хан, би, батыр, жомарт шешен, жұмбақ, қара өлең, айтыс, тақпақ, жар-жар, беташар, ай, жыл, күн аттары, ескі тұрмыс суреттері, ғұрып-әдет көлеңкелері, ырым-жырымдары – тегіс Мәшһүрдің аузынан ағытылады» деген жолдарды оқимыз.

Жалпы, Жүсіпбек Мәшһүр Жүсіппен жақсы таныс, қарым-қатынаста болып, хат жазысып хабарласып тұрған. Бір хатында «Сіз қазақтың қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарысыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі сізді жарытпайды, тосаңсытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман өйте берсін!

13

Сіз онда жалғыздығыңызды, жапандығыңызды, сәнді-салтанатты ескі күніңізді жырлап өтіңіз. Ақынның ақындығы улаған ойын, тулаган сырын оқушыны толқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде гой» (сонда, 342-бет) деп жазғанынан әулие ақын Мәшһүр Жүсіпке берілген аса жоғары бағаны көреміз. Бұл сөздер Мәһүрдің діншіл, ескішіл атанып, қудалана бастаған 1927 жылы жазылған еді. Соған қарамастан Жүсіпбек діншіл ақынды толық қолдап, «жаңа заман өйте берсін», сіз оған қарамаңыз, «сәнді-салтанатты ескі күнімізді жырлап өтіңіз» деп, ақыл қосып отырғандығында да көп мән жатыр. Хат иесі осындай жан-жақты дарын иесі Мәшһүр Жүсіптен әдеби, тарихи мұраларды жинай беруді, қазақтың шежіресін жазуды өтінеді. «Сондай қолжазбалардың бәрін жіберсеңіз, шамам келсе, баспаға түсіруге ізденіп көрер едім» деп, өзінің де осы бір халық үшін аса қажетті іске үлес қосқысы келетіндігін білдіреді. Осы хатында өзінің де әдеби мұраны, оның ішінде С.Торайғыровтың шығармаларын жинап жүргендігі жайлы «Мен бес-алты айдан бері Сұлтанмахмұт сөздерін жинап, жақында бітіріп, көшіріп, реттеп, баспаға, ордаға апарып тапсырып қайттым. Махмұт cөздepi Құранның үлкендігіндей кітап болды», – деп жазыпты.

Ж.Аймауытов өмірден қыршын кеткен біртуар ақын С.Торайғыровтың жинаусыз әр жерде шашылып қалған шығармаларын жинастыруды алғаш рет қолға алып, сұлтанмахмұттанудың іргесін қалаушылардың бірі болды. 1926 жылдың 19 қарашасында «Еңбекші қазақ» газетінде «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына атсалысыңыздар» деген атпен ашық хаты жарияланды. Ондағы «Өнегелі ел аяулы ақындарына өшпес белгі орнатады, сөзін жинайды, басады,

14

қадірлейді. Өмірін жазады, үлгі қылады. Ақын атына мектеп, білім жұртын, кітапханаларын ашады. Ақынның өмірін, сөзін іздеуге, зерттеуге қауым ұйымдар ашады. Ақынның қай жерде не сөйлегені, қандай ат мінгені, киім кигені, тамақ жегеніне шейін, жатып-тұрғанына шейін қалдырмай тереді. Ақынды қадірлейді, қастерлейді, аспанға шығарады. Heгe десеңіз, ақын – елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жанынан, ардан безбесе, ақының қандай ел қастерлемекші» (сонда, 233-бет) – деп төгілген ой моншақтары ақынның қоғам, адам өміріндегі аса маңызды орны жайлы терең ойларға жетелейді.

Жүсіпбек С.Торайғыровтың шығармашылығын аса жоғары бағалайды. Онымен қысқаша таныстыра келіп, «Аз өмірінде көп өзгеріс көрген, берісі қазақтың, арысы адам баласының бақ-ырысын көксеген, өмірін әділдік, шындық ізденуде, ойлануда, толғануда өткізген, түбек ойдың ақыны еді. Өнер-білім сәулесіне аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып жеңе алмай, өзі мерт болып, көрге кірген ақын еді. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болғандай» от жалындай заулаған, болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді, сөзімен ел-жұртын мардымсытқандай, мақтандырғандай, еңсесін көтергендей ақын еді» (сонда, 233-бет) – деп, төгіп-төгіп жібереді. Қилы тағдырлы ақынның бүткіл болмысын бірнеше сөйлеммен барынша жарқырата өрнектеп берген.

Ж.Аймауытов келесі («Еңбекші қазақ», 18.01.1927) жылы да ашық хат жазып, өзінің С.Торайғыров шығармаларын жинап жүргенін айта келіп, әзірге қолға түскен бес поэмасын, қырық екі өлеңін, бес

15

мақаласын, бұларды жинауға көмектескен азаматтарды атап өткен. Сұлтанмахмұт шығармаларының әлі де түгел қолға түспей отырғанына назар аударып, көзі қарақты көпшіліктен көмек күтетінін құлағдар етеді. Шындығында да, Жүсіпбек жасаған тізімде С.Торайғыровтың атақты «Қамар сұлу» романынан бастап, бірсыпыра шығармалары көрінбейді.

Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт туралы ізденістерінің нәтижесінде жазылған «Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» атты еңбегі 1933 жылы С.Торайғыровтың басылып шыққан шығармалар жинағына алғысөз ретінде берілді. Мақала Сұлтанмахмұттың өмірбаянына арналған көркем очерк іспеттес. Автор ақынның шығармашылығынан гөрі оның өмір жолымен, өскен ортасымен таныстыруды көздеңкірегені көрініп тұр. Сұлтанмахмұттың өмір жолын баяндау барысында кейбір өлеңдерінің аты аталып, бірді- екілі жерде үзінділер келтірілгені болмаса, ақынның негізгі шығармалары талданылмайды. Есесіне С.Торайғырұлының өмір жолындағы елеулі оқиғаларға молынан орын берілген. Мысалы, Сұлтанмахмұттың тіршілікте көрген көп қиындықтарын, Бағила атты сұлуға, Мәлике деген қызға көңілі кеткен тұстарын мөлдіретіп әңгімелеген. Жас жігіттің Мәликеге ғашық болған кезің әңгімелегенде оның өз жазбаларынан «Мен оны (M...-ні) жан-тәніммен сүйемін. Онсыз – дүние қабір. Тағдырым, жаным, сенің қолында. Не жан бер, тірілт, не өлтір, шалажансар қылма мені! Сенің колыңнан келіп тұр. Не десең, сол болуға бір жасымда өлген апамның сүтімен ант етемін» дегендерін келтіре отырып, лапылдап жанған сезімтал ақын жүрегінің бүлкілің көз алдыңызға әкеледі.

Мақалада С.Торайғыровтың туылған күнінен бастап, өмірден өткенге дейінгі өмір жолы шолынады. Сұлтанмахмұтты жете зерттеген,

16

әрі жерлесі Жүсіпбек ақынның ата-тегіне дейін жетік біледі; арғынның ішінде Сүйіндіктен тарайтын Сұлтанмахмұттың шежіресін он үш атасына дейін таратып берген. Жалпы, Жүсіпбектің тілі көркем; жорға жүрісінен жаңылмай, тайпалтып отырады. Мына мақалада да не бір келісті суреттер кездеседі. «Баян тауы – «Қозы Көрпештің» Баян сұлуы туған тау деседі. Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз құз, таудың ұшар басынан етегіне дейін сыңсыған қарағай, ақ қайын, барқын, мойыл; қиядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұраңдаған бура бұлақ; шөккен алыптай асқар Баянның оң қолтығында айнадай жарқылдаған Сабынды көл, сол қолтығында түндей түнерген Шойынды көл, жамбасында жас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса көкорай шалғын, көк балауса жасыл жапырақ, гүл, жеміс, тау іші ын-жын аң, бұта толған жыршы құс, міне, сол секілді зәулім жаратылыстың бауырында бала Махмұт балдырғандай балалық шағын өткізеді» (сонда, 277-бет). Туған сұлу табиғат бар болмысымен сөз құдіреті арқылы көз алдыңызға келіп, сол күйінде жарқырап тұра қалады.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезенінде әдебиет дегеніміздің өзі не, енді қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы керек, кімнен үйрене алады деген сауалдар төңірегінде қызу пікіралысулар болып өтті. Марксизм- ленинизм іліміне сүйенген пролеткультшылдар таптық принципті көркем әдебиеттен де талап ете бастады. Әдебиет пен мәдениеттің маңында жүрген қазақ зиялыларының көпшілігі бұған қарсы шығып, ұлттық өнердің өзіндік сипатын сақтап қалуға тырысты. Мағжандар пролеткультшыл ҚазАПП ұйымына қарсы «Алқа» ұйымын құрмақ ниетпен шығармашылық бағдарламасын жазды. Міне, осындай аласапыран кезде ұлттық әдебиетіміздің еткендерін

17

саралау, қазіргі жай-күйін анықтау, алдағы міндеттерін айқындау қажеттіліктеріне орай жазылған бірсыпыра мақалалар жарык көрді. Солардың бірі Ж. Аймауытовтың «Әдебиет мәселесі» («Ақ жол», 1.04.1925) болатын. Мақалада сол кезде жүріп жатқан пікірталасқа орай, «әлеуметтің зор құралы, тап тартысының құралы – әдебиеттің» аса зәру сауалдарына жауап берушілік бар.

«Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты – ұлт теңсіздігіне, мәдениетке талпыну, ішкі мазмұны – қазақтың халіне қайғыру, патша өкіметінің отаршылдық саясатына, қала берсе орыс атаулыға ереуіл жасау еді.

Қазақ әдебиетіне төңкеріс бір жағынан жалынды үмітті желдеткен үндеу кіргізсе, екінші жақтан уайым- қайғы, торығу кіргізді. Әдебиетіміздің ендігі беті төңкерісшілдік, бұқарашылдық болу керек. Бұрын оянған ұлт сезімін тұншықтыру емес, тегістік, теңдік жолына икемдеп, дұрыс жүйеге, қалыпқа түсіру болу керек». Ащы шындық боямасыз айтылған. Автордың төңкерісті қолдағанымен, төңкерісшілдік туралы пікірі өзгешелеу, ол бұқарашылдықпен, ұлтшылдық сезімдерімен ұштасып жатыр. Мақсат «оянған ұлт сезімін тұншықтыру» болмау керектігін ашық айтады.

Сол кездегі «қазақта пролетариат әдебиеті бар ма?» деген сауалға Жүсіпбек «Тап ақыны әзір қазақта жоқ. Бірақ болуға мүмкін» деп, турасынан жауап береді. Әрі қарай «Қазақ жазушылары, ақындары төңкеріске жолдан қосылды. Бір қанаты төңкеріс рухымен суарылса, екінші қанаты ұлтшылдықпен суарылып қалған. Ұлтшылдық сезім тез заманда қала қою мүмкін емес. Төңкеріске, коммунизм жолына көрінеу қаса қылығы жоқ болса, ұлтшыл ақындарды да пайдалануға болады» деп, сол кезде қудалана бастаған қазақтың алашшыл

18

азаматтарына ара түсті. Әдебиетті саяси тұрғыдан сынай бермей, әдеби, ғылыми тұрғыдан бағалауға, «қазақ әдебиеті көгерсін, гүлденсін десек, жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сынаржақ етпеуге» үндейді.

Ж.Аймауытов төңкерістен кейінгі пролеткультшылдық бағыттағы тапшыл, ұраншыл әдебиетке көңілі толмаған. Ол ойларын жасырмай, ашық айтып отырған. «Көркем әдебиетті саралау» («Ақ жол». 17.04.1925) атты мақаласы бірден ащы шындықты жайып салудан басталған. «Төңкерістен кейін қазақ өленшілері, жазушылары көркем сөздің не екенін білмегендіктен, әйтпесе өнері жетпегендіктен не болса соны жазып баспаға түсіріп, көркем әдебиеттің құнын түсіріп барады. Төңкерістің алғашқы екпінінде айғай сөз, үгіт жарастықты еді. Сән болып еді. Төңкеріс сабасына түскен заманда алғашқы айғаймен жүре беру – келіспейтін кінәратты нәрсе. Дәмсіз, кенеусіз сөзбен қандай әдебиет болса да туғыза алмаймыз. Әсіресе, еңбекшіл әдебиетін жасай алмаймыз... Енді өнер мен жамауды талғайтын заман болды. Өлен еместі өлен деп, жұрттың алдына тартуымыз ұят. Бұл туралы өленшілер ойлану керек», – деп мәселені тікесінен қояды. «Өнер сезімге уытын жаятын», «оқушылардың жан-дүниесін жүйеге салып, қалыптандыратын құрал» деп білетін автор «Мен – жалшылардың зеңбірегімін, олай да, бұлай да атамын» деген сияқты бірнеше мысалдар келтіре отырып, осылардың өлен екендігіне күдік келтіреді. «Өлең мен жарамазан, өнер мен жамау-жасқау араласып, әдебиетті қоқытып жібермеуге», ол үшін әдебиетті «саралап, қылшықтап, тазалап отырғаны жөн болар еді» деп, газет-журналдар бетінде сынды күшейтуге шақырады.

 

1

Рақымжан ТҰРЫСБЕК

филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

Ұлттық проза және «Ақбілек» әлемі

 

Қазақ тарихы мен тағылымынан ұлт руханиятының бел-белестері де жан-жақты көрініс береді. Осы орайда, ұлттық сөз өнерінің жетекші һәм күрделі саласы – роман жанрының (қара сөз, өлең үлгісінде де кездеседі) өзіндік қалыптасу, даму жолдары бар.

Прозаның көркем де көрнекті үлгісі – романның байырғы түрлері, жекелеген нұсқа-салалары ежелгі кезеңдерде, әлемдік әдеби үдерістерде ерте байқалған-ды. Ал, ұлт руханиятында «Проза – қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала» [2.324-325 беттер].

Қазақ прозасының алғашқы үлгі-өрнектері (қысқа әңгіме, шағын ғақлия - хикая т.т.) XX ғ.б. ұлттық сөз өнерінде көрініс бергенімен, жеке жанр, реалистік сипат түрінде байқалған тұсы Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің шығармашылық мұраларымен тығыз байланысты. Мысалы, М Дулатұлы – «Бақытсыз Жамал», Т, Жомартбаев – «Қыз көрелік», С. Көбеев – «Қалың мал», С. Торайғыров – «Қамар сұлу», «Кім жазықты». Ш. Құдайбердиев – «Әділ-Мария» т.б. Аталған туындылардың тақырып табиғаты, көркемдік стильдік ерекшеліктері әр алуан болғанымен, ұлттық прозаның үлгі-өрнектері, ел-жер

2

көріністері, қоғамдық-әлеуметтік ахуал, адам әлемінің қыр-сырлары кең көлемде орын алады. Қазақ романының алғашқы үлгі-нұсқалары болғандықтан, жазылуы мен жариялануында, баяндау-суреттеу тұстарында, басты тұлғаны сомдау сәттерінде шолу сипаттарының орын алғаны анық.

Ақиқатында, «...қазақ әдебиетіндегі роман жасауға ұмтылыс өткен ғасырдың 20 жылдардың орта тұсынан басталады. Оның алғашқы үлгісін Жүсіпбек Аймауытов жасады. Оның «Қартқожасы» – тек жазушының бұл жанрдағы алғашқы туындысы ғана емес, бүкіл қазақ совет романының төлбасы. Ол 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылды. Бұдан бір жыл кейін Сакен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» шықты. Бірақ, бұл – тарихи-мемуарлық кітап еді. Онда жазушы революция жылдары өзі көрген, қатысқан әлеуметтік тартыс уақиғаларын ешбір әдеби қоспасыз деректі фактілер көлемінде суреттеді. Көркем шығармаға тән оқиғаны жинақтап, бейнелеп, тиісті жерін жазушы қиялымен жетілдіріп суреттеу әдісінен Сәкен саналы түрде бой тартты, ол шығарманың деректілігін, тарихилығын сақтады. Жазылу, басылым мерзімдері қатарлас болғанмен «Қартқожадан» «Тар жол, тайғақ кешудің» жанрлық форма жағынан айрылысатын жері – осы. Әйтпесе, екеуі де үлкен прозаның үлгілеріне жатады» [3.73-74 беттер].

XX ғасыр басында ел өмірі мен тарихында ұлттық санада ерекше өрлеу мен серпін, даму айқын аңғарылды. Осы кезеңде Абай әлемі мен дәстүр тағылымына адалдық танытқан, ұлт руханиятының көш-керуенін бастаған Алаштың қайраткер-қаламгерлері Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, С. Садуақасұлы т.б. бірге, Ж. Аймауытұлы да әдебиет әлеміне еркін еніп, та-лант

3

қуатын көп көлемде көрсетті. Өткір ұшталған ұшқыр қаламымен ұлттық сөз өнерінің әр алуан жанрында ерен еңбек етіп, ар айнасы, әсемдік әлемі – әдебиетке мол рухани мұралар қосты...

Ж. Аймауытұлының «Ақбілек» романы қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын, шабытты шақ лен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлганың (Ақбілек) тағдыр-талайын, адами әлемі мен бедерлі бейнесін қыр елінің тұрмыс-дәстүрлерін, тәрбие-тағлымдарын т.т. жан-жақты ашады. Басты байқалар ерекшелік – туынды тақырыбы мен табиғатынан, авторлық ұстаным мен образ жасау шеберлігінен тіл-стиль сипаттарынан ұлттық мұрат-мүдде, ел-жердің қадір қасиеті, адам әлемі мен мүмкіндіктері кең көлемде көрініс береді. Осы орайда, бір ғана Ақбілек бейнесі – қазақ қыздарының азаттық-теңдік жолындағы талайлы тарихын, қиын-қыстау соқпақтарын, қилы кезеңдерін алға тартады. Сондай-ақ, адал еңбек пен ақыл-парасаттың, жастық пен махаббаттың, құштарлық лен сүйіспеншіліктің, әсемдік пен сұлулықтың көркем шежіресі, үздік үлгісі болып табылады.

«Ақбілек» романы «Әйел теңдігі» журналының 1927 жылғы 2, 5, 10, 11 және 1928 жылғы 3, 4, 9, 10 сандарында жарияланды. Бірақ, дербес кітап болып басылған жоқ. Демократия тағылымы нәтижесінде – Ж. Аймауытұлының аталмыш романы белгілі аудармашы X. Өзденбаевтан алынған нұсқасы бойынша 1989 жылы «Жазушы» баспасынан (құрастырғандар – М. Атымов, Қ. Керейқұлов) жарық көрді. Роман бұдан кейін «Жұлдыз» журналында жарияланды (1989, № 6-9 сандары). Жазушының бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына енді (А. Ғылым, 1996,144-325 беттер).

Астанадан да жарық көрді. «Қазақ прозасы қазынасынан» сериясы

4

арқылы да қалың көпшілікке жетті // Алматы; Раритет 2003-240 бет//. Романғa қатысты кейбір дерек көздері М. Жүсіп Көпеев пен Ж. Аймауытұлының өзара жазысқан хаттарынан да көрінер еді (4). «Хатқа» маңыз беруіміздің себеп-сыры – «Ақбілек» романының шығармашылық тарихына қатысты ұнамды, ұтымды пікірлер білдіруінде деп білеміз. Мәселен, романға қатысты ойын автор былай білдірген. «Екі жарым ай болды, үйден шықпағаныма. Не істеді десеңіз. «Қылауатта» жатып бір роман жазып бітірдім өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі eкі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тал жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке – бала оқытуға кетемін. Күніне алты сағат бала оқытамын. Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын. Сағгат алты - жетілерде оянамын. Сүйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі - үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көртен өмірім осы». Бұдан кейін автор сөз еткен романның соңғы нүктесін  қойып, «баспаға жіберіп отырмын» дейді.

Жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін бұл келтірілген үзіндінің маңызы жоғары екені арнайы дәлел, дәйектемені қажет етпесе керек. Маңыздысы: жазушы еңбегі мен шығармашылық үдеріс, тақырып пен тағдыр, өмір мен уақыт шыңдықтары, көркемдік пен шеберлік иірімдері, бәрі-баршасы – «Хат» мазмұны мен табиғатынан танылып тұр.

Ендігі бір түйінді мәселе – «Ақбілек» романының қайда жазылғандығы хақында. Біздіңше, мұның жауабы қысқа: алғашқы

5

көлемді де көркем, «ұзақ әңгімесі» (автор осылай көрсеткен – Р. Т) «Қартқожа 1926 жылы Қызылордада жарық көрген, көп ұзамай Шымкент шаһарында алдымен ұстаз, сосын директорлық қызмет атқарған (пед. техникумда - Р.Т.) Ж. Аймауытұлы келесі көркем әрі шабытты жазылған, талант қарымын мол жұмсаған – «Ақбілек» романын қысқа мерзімде аяқтады. Оны жоғарыда еске алған «Хатта», филология ғылымының кандитаты Ә.Оспанұлының «Ақбілек» – Шымкентте жазылған» атты мақаласындағы: «... ең әуелі жазыла бастауы да, аяқталуы да біздің облыс орталығында жүзеге асқан» деген жолдар нақтылай түседі (5).

«Ақбілек» романының жазылуы мен оған әсер еткен өмір – тұрмыс жағдаяттары, жалпы жазушының осы тақырып төңірегіндегі мұрат-міндеттері Қ. Оспанов, К.Тіленшіұлы секілді шәкірт - оқырмандарының сыр-сұхбаттарынан, ақын-қаламгер Д. Әбілев пен ұстаз- ғалым Б. Кенжебаевтың естелік әңгімелерінен, әдебиет пен өнер зерттеушілері С. Қирабаев, Б. Қундақбаев т.б еңбектерінен де кеңінен көрінеді /6/.

Жоғарыда еске алған естелік әңгіме, дерек көздерінің қай қайсысы да «Ақбілек» романының өмірден алынғанын, шынайы шабыт пен шын шеберлік жемісі екенін жоққа шығармайды. Айталық, жоғарыдағы «Хаттан» келтірілген үзіндіден-ақ аталмыш романның өмірге келу сәті, яки жазылу тарихы хақында мол мағлұмат аламыз. Сондай-ақ, автордың көлемді романды қысқа мерзімде (екі жарым ай көлемде) аяқтауы мен қолтаңба ерекшелігі, таланты, ықыласы жөнінде де өз аузынан естиміз. Ең негізгісі. «Хат» авторының М.Ж.Көпеевке ықылас-құштарлығы жоғары, әдеби мұраға деген жаңашыр көзқарасы, тазалығы да ерекше танылады. Сондай-ақ, Б.Кенжебаев, Д. Әбілов т.б айтып, жазған естелік, әңгімелерінен де өткен күндердің белгі-бедері,

6

Ақбілек әлемі, Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тіршіліктері, ақ гвардияшылар әрекеті т.т кеңінен көрініс береді. Маңыздысы – жазушының жан әлемін «жаулап алған» болашақ туынды табиғаты, тағдыр-талайы, шеберхана өрнектері айқын аңғарылады. Аристотель кезеңінен белгілі ақиқат – адам өмірі, тағдырынан тыс сөз өнері болуы мүмкін еместігін ойға алсақ, Ж.Аймауытұлының шығармашылық әлемінде әдебиеттің негізгі нысанасы – адам, өмір шындығы, сол арқылы ғана көркем, нақты бейне, бедерге айналады. «Ақбілек» әлемінің сыры, ұлттық-эстетикалық әсері, рухани олжасы осында жатыр.

Шығарма атын иемденген басты тұлға - Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ, бұл жарастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қақаңдаған, қоқиланған» төрт атты бұзған-ды. Олар бейбіт ауыл мен елдің апшысын қуырды. Үлкен үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас түлегі, жалғыз қызы Ақбілекті» ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азап-тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес.

Бұл бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді. Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болатын. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл-күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады. Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ, қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жантүршігерлік жәбірлеу,

7

азап-қорлыққа толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екіде бір гүлі ашылмаған Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. «Ашу - дұшпан, ақыл-досты» да, айпа амалды да жүзеге асыру қиын-ақ.

Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады, асыл қазынасы – абыройынан айырды, қарамұртқа ермек болды...

Феодалдық-патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптары, тағдыр тапқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды. Ақтардан тартқан жан азабынан соң да Ақбілектің көрген қорлығы, күйзелістері көл-ақ.

Ақбілектің жан дауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей-ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, кайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға» мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс- жайларды бөлісті. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек-аяң, бұрыңғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т. Ақбілектің жан-жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше.

8

Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр-сұхбаттары, Ақбала, Балташ т.б. қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса, басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ Ақбілектің «жүрегін жуыл тазартқан алтын леген - аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір тағдыр жолы шындыққа сыйымды, келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі – қазақ қызының тағдыр-талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық- қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты – жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс-тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністермен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр – роман арқылы ұлттық-эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі Еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына үндес, сәйкес келеді.

Романда жекелеген бейнелердің монологтары өмірдегі мұраты мен міндеттері де айқын бедерленген. Мәселен, Бекболат өзі жайында төмендегіше сыр толғайды: «Қара торы орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым - Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім - менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар».

9

Одан әрі Бекболат «бұрын байдың», қазір «орта шарқы үйдің ортаншы баласымын» дейді. Үй-ішілік, тұрмыстық жағдайларын да еске алып өтеді. Балалық, жастық шағының да босқа өтпегенін айтады. «Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей,

Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырғанын», соған жолыққалы шыққанда, ақтарға кезігіп, оң иығынан жарақат алғанын қысқа, шешен баяндайды. Алайда, Бекболат бейнесі адамдық қасиеттері тұрғысынан, айнала-әлемге көзқарасы жағынан көңілге ұялағанымен, махаббат мәселесінде әсіресе «елден таңдап айттырған» Ақбілегін аялап өтуде жігерлілік жетіспейді. Қаламгер де Бекболат әрекеттерін аса көп дамытпайды.

Офицер романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. Автор роман өзегін Ақбілек пен офицер арасындағы қатынасқа құрғанда «махаббат символының» үлгісі ретінде емес, керісінше, қазақ-орыс арасындағы «туыстық» байланыс тұрғысында терең ашады. Бұған өз жайынан бірер мағлұмат берген офицердің төмендегідей ойлары айқын дәлел: «Орыс сияқты жері мол қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында, қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр?.. Тек қымызын ішіп, Қарнын сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі... Тегінде қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді?.. Әйтеуір, қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағыну керек». Бұдан кейін офицер қазақ жеріне, әйеліне, малына көз тігеді. Ресей тағдырын ойлап қамығады.

10

Демек, офицер бейнесінен, іс-әрекеттерінен «ұлы халықтың» державалық саясатын, қазақ халқын ұлтсыздандыру мен әуел бастағы мәдени құнарынан қол үздіру секілді тағылық «мінезін» танимыз. Билік пен білек күшін де, озбырлығын да көреміз. Ендеше, өткеннің өкініші келешекте қайталанбайтындай сабақ болуға тиіс. Офицер бейнесінің «тағылымы» осы.

Роман авторы өмір оқиғасы мен уақыт шындықтарына сай кейіпкерлер жүйесін табиғи сомдап, іс-әрекет үстінде көрсетеді. Осы орайда, Мұқаш бейнесінің өзіндік өзгешелігі бары байқалады. Мұқаш өзі жайында былай дейді: «Мен таңқы мұрын бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрмін». Онан соң Тілеубайдың қозысын, Шаманбайдың қойын баққанын, балалық базары жат босағада, кісі қабағын бағумен өткенін еске алады. «Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. – дейді ол, – Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боданда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп- қатермен алыспай, адам адам болмайды екен... Жылқы бақтым, кісі болдым». Мұқаш аузынан баяндалатын монологтан бұдан кейінгі жерде ел қатарына қосылғанын, отбасы болғанын, қызметке кірісе бастағанын, болыс болу ниеті барын да естиміз. Бірақ, ел үстінен күн көрген жоғарыдағы «қызметтерінің» әсерінен болыстыққа сайланбайды. Мамырбайдың баласы іс-қағаздарды кеңсеге тапсырыпты дегенді естиді. Тілін шайнап, тісін қайрайды. Кек қайыруды ойлайды. Ақтармен астыртын байланысып, Мамырбайдың Ақбілегін оларға көрсетіп беріп, ағасынан

11

кегін қайтарады. Мұның соңы белгілі – Ақбілек бір топ еркектің ортасына түсіп, қара мұртқа ермек болады... Бұл ретте Мұқаш – өз мүддесі үшін жан алып, жан беретін, бір есебі ішінде, түпкі ойында соны жүзеге асыруды ғана діттейтін пенде. Әйтсе де, «ішкі есебі» уақыт өте келе жария болып, соның азап-күйігін молынан да тартып жүреді. Жанама кейіпкер ретінде Мұқаш өз міндетін атқарғанымен Ақбілектің азапты, қасірет-күйінішке толы өміріне себепкер болды. Сол үшін де Мамырбай ауылының алғысын емес, қарғысын алады. Ал, біздің қоғамымызға теріс ой, екіжүзділік мінез жат. Мұқаш шындығы осы.

Жылтыр – ісінде бірлік, сөзінде береке жоқ кейіпкердің бірі. «Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол әуелде Матайдың Әбеніне тілмәш болған. Әбенмен бірігіп елді қанаған. Әбенге шәкірт болған. Ол қазынаның ақшасын да жеген. ...абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан... Оның өтірігіне найза бойламайды». Бұл реттен алғанда Жылтыр ойымен де, ісімен де Әбен, Мұқаштар қатарында. Романдағы оқиғалардың даму эпизодтарының өзара байланыстары тұсында бұған әбден көз жеткізуге болады. Осы орайда, жазушы бедерлеген бейнелердің әрбірі өз орындарында әрі іс-әрекеттерімен нанымды сөз болатындығын байқаймыз. Демек, қаламгер кейіпкер жансарайын ашуда да едәуір жетістіктерге жеткен, оларды даралауда дәлдік, нақтылық секілді сипаттарымен де ерекшеленеді.

Романдағы әйелдер бейнесін еске алғанда, Ақбілектің жақын, жақсы көретін жеңгесі - Ұрқия жақсылыққа жаны құмар, мейірімді жан. «Бар айыбы – пұшпағы қанаған жоқ, әйтпесе жібі түзу әйел». Мамырбайдың бәйбішесі дүниеден қайтқанда да, Ақбілектің ақ солдаттары жұртында қалып, Іскендір дуана арқылы еліне келген соң

12

жанашыры да, сырлас - мұңдасы да Ұрқия болды. Қайын сіңлісінің бақытты болғанын қалаған Ұрқия оны Бекболатпен де кездестіреді. Баласын бауырына басып, тәрбие де береді. Бұл реттен алғанда – Ұрқия жаңалық, жақсылықты өзгенің басына тілеуді, өзі соның жылу-шапағатымен өмір сүргенді қалайтын, әрі оның үстіне адалдығы мен адамгершілігі мол, қиындық-қиналыста жол табатын бедерлі бейне ретінде есте қалады. Ал, Өрік болса «үйге жылан кіріп келгендей сүйкімсіз», «қара сұр адам». Ақбілектің бауырларына да жағымсыз, жайсыз жан. Тағдырына назалы Өрік ашу-ызасын да Ақбілектен алатындай, жас өскін – Сара мен Қажікенге де осы ретпен қырын қарап, қаһарын, қарғысын сәт сайын сездіреді. Әсіресе, «Ақбілек екіқабат» деген сөзді естігенде көктен іздегені – жерден, жанынан табылғандай күй кешеді. Ақбілекке бірер күн «араздығын ұмытқан кісідей» сөйлесіп, жылы ұшырап, оң қабақ танытады. Ақбілек мұның шын екенін, аярлық екенін біле алмаған кездері де болады. Бірақ, бұл «кісімсу кезеңі» ұзаққа созылмайды. Ақбілектің аяғы ауырлығына көзін жеткізген соң аяушылығын ұмытып, араздығын өршіте түседі. Бұл орайда, Өріктің мінезі мен іс-әрекеттерінен образ болмысына қатысты белгілер мол, әрі троптың түрлері. иро-ния (кекесін) иірімдері, сарказм (мысқыл) сипаттары, басқа да сатиралық элементтер де молынан ұшырасады. Автор сөз өнерінің көркемдік кұралдарын бар бояу, бедерімен пайдалану нәтижесінде Өрік образын күншілдіктің көрсеткіші, арсыздық пен теңсіздіктің барометрі ретінде көрсетеді. Сондай-ақ, бағынан соры басым Кәмилә – ескі салт, әдет-дағдының құрбаны болғанымен дүниетанымы кең, жаны таза, төзімі берік бедерлі бейне.

Өмірде өз ісі мен орнын білетін адамдар аз емес. Романда да

13

ондай тұлғалар бар, бірақ көп те емес. Айталық, Алтынайдың (Мұқаштың келіншегі) күйеуі кекшіл, даңқ пен дақпыртқа жақын болғанымен өзі «үй міндеті – әйелде» екенін жақсы түсінген. Ал Іскендір дуана-жақсылық, жаршысы, мейірімі мол, жанашыр жанның бейнесі ретінде көрінген.Тау-тас, сай-сала, ескі мола – бәрі де оған үй. Онда ел де жоқ. Оның елі дүйім қазақ. Онда мал да жоқ. Ол дүние жинамайды. Ақша берсең, – кез келген ауылдың балаларын жарастырады да, бәйге үлестіреді. Іскендір дорба салмайды, ірімшік, құртыңды алмайды оған қолма-қол тамақ берсең болғаны. Ол істеген ісін, жасаған жақсылықтарын саудаға салмайды. Онда жасырын сыр, ішкі есеп жоқ. Міне, осындай кісі, яки пайдасы болмаса зияны тимейтін жан Ақбілекке кезіккен болатын. Ақбілек адасқанын айтқанда: «Алып барайын, жолға сапайын». – деп нақты көмек еткен Жасын да, екбегін де есепке алмаған Іскендірдің бұл жақсылығы Ақбілекке ғана емес, оқырманға да жылы, тағылымды әсер қалдырады. Роман авторы адам- пенденің, өмірдегі орны жақсылық жасаумен ізгілік-өнеге көрсетумен баянды, мағыналы екенін Іскендір дуана арқылы нанымды көрсеткен. Жинақтап айтқанда, романдағы образдар жүйесі өмір-тұрмыстан алынғаны, уақыт шындықтарына сай суреттелгені, ең негізгісі әр қайсысы өзіндік өзгешелік әрекеттері арқылы қимыл жасайды. Әрекет-қимылда, сөз бен істе ортақ мұраттар бар. Қоғамдық кезеңдік көріністерге сай қимыл-қозғалыстарды әрбір бейнеден, өмір-уақыт шындықтарынан байқауға болады. Ізденіс айналары, көркемдік-стильдік ерекшеліктер, эстетикалық құндылықтар да айқын аңғарылады.

Тұтастай алып қарағанда, Ж.Аймауытұлының шығармашылық мұрасы, әсіресе күрделі жанрдағы туындылары («Күнікейдің

14

жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек») қазақ әдебиетіндегі реалистік прозаның даму жолдарын айқындап қана емес, қоғамдық кезеңдік құбылыстарды, адами-рухани мәселелерді көркемдік-идеялық тұрғыдан шебер де шынайы бейнелеуімен биік белеске көтерілгендігінің, алыс-жақын шет ел қаламгерлерінің профессионалдық дәрежесіне жеткендігінің бірден-бір дәлелі де, дерегі де бола алады. Мұның өзі халық даналығында айқын бедерленгендей: «Шеберлік өмірді көре де, түсіне білуден, сосын объектіні дұрыс таңдап ала білуден басталады». Демек, «Ақбілек» романы ұлттың талайлы тарихын, қазақ өмірінің қиын да күрделі кезеңін, басты тұлғаның ауыр да сындарлы сәттерін т.с.с. нақтылы көрініс, шынайы оқиға, бедерлі бейнелер арқылы көрсетіп, тақырып табиғатын, көркемдік-эстетикалық мұраттарды шебер де шешен, шынайы үлгіле баяндаған байыпты, тағылымды туынды.

Ж.Аймауытұлы шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.

Бұл – XX ғ.б. айқын көрініс тапқан қазақ романымың үздік үлгісі, өрнекті өрісі, көркем шежіресі.

Бұл – «Ақбілек» романының тақырыптық ерекшелігі мен жанрлық жүйені меңгерудегі батыл қадамы көркемдік-рухани байлығы болып табылады.

Бұл – «Ақбілек» романының жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін, тілдік-стильдік сипаттарын айқындайтын әрі шеберлік пен шешендіктің сырлы әлемін кең көлемде көрсететін, басты тұлғаның адами Мұраты мен психологиялық қырларын ашатын елеулі еңбектер қатарына жатады.

Бұл – «Ақбілек» романына да қатысты айтылар кемел ой мен

15

маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені «Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ұлт руханиятын, көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды айшықты қолтаңба жемісі.

Ақбілек» әлемінің ақиқаты осы.

 

"АҚИҚАТ" ұлттық қоғамдық-саяси журнал.

№12. 2010

 
Еще статьи...
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр