Іздеу

МАНСАПҚОРЛАР

Екі перделі драма

К і с і л е р і

Қасқырбай - болыс, 55 жаста

К ү л ә н д а - оның қатыны, 22 жаста

М ү с л і м - тілмаш (болыстың туысқаны), 30 жаста

Сүлеймен - молда (болыстың ақылшысы), 57 жаста

Қ о ж а н т а й - қажы, 50 жаста

Ә б д і л - ауылнай, 40 жаста

Көбекбай - жаман бай, 65 жаста

Ә у б ә к і р - болыстың шабарманы, 30 жаста

 

С а х н а

Ортасы бөлінген екі бөлме, бір жағы тілмаштың кеңсесі, 3-4 орындық, жазу үстелі бар. Екінші бөлме болыс отыратын үй. Болыстың орны - кілем жаюлы биік төсек, еденде төсеніш.

 

Бірішні көрініс

МҮСЛІМ

Мүслім (кеңсесінде, екі қолы, қалтада, аузында шылымы. аяңдап. Сөйлеп жур). Мені оқытпаймын деп осынша жанталасып еді. Ол ойы болмады. Мен қашып-пысып жүріп оқыдым, нан жерлік білім алдым. Бір шешеден тумағандығын қылып, әкеме де талай зорлық қылып еді. Енді сол кегімді бір алсам, осы сайлауда болыс болып, кеудеңе бір мінсем, арманым болмас еді. (Тоқтап сөйлейді). Бірақ... Көзі тірі тұрғанда, бұл жауыз менің өркенімді өсірмейді, бүның көзін жоғалту керек! Қалай жоғалтамын? Қалай құты¬ламын? Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным осы. Осы оймен оның қатынымен тамыр болдым. Қатыны мені суйеді. Ол жас, маған қызығады. Оның махаббатын пайдалануым керек... Мен - тілмаш. Тілмаш үлкен дәреже ме? - Жалдама хатшы.

Менде билік жоқ. Мен ел билегім келеді.

Болыс болғым келеді... жоқ, Мүслім болыс болу керек. Мүслім кісіге бағынбайды. Бағындырады. Болыс болу үшін, бақ алу үшін, арды, адамшылықты аяққатаптамай болмайды.

Екінші көрініс

МҮСЛІМ, КҮЛӘНДА

К ү л ә н д а (бұраңдап). Молда жігіт! Ә, молда жігіт!

М ү с л і м (қасына таянып). Не айтасың, жаным?

К ү л ә н д а. Үлгі пішетін газетің бар ма?

М ү с л і м. Газет табылады ғой. Менің айтқанымды Не қылдың?

К ү л ә н д а. Молда жігіт-ай! Қанша ойласам да, батылым бармайды?

М ү с л і м. Мені жақсы көргенің бекер болды ғой?

К ү л ә н д а. Қалқам-ау! Сені жанымдай жақсы көремін. Қайтейін, болыстан тағы қорқамын.

 

М ү с л і м. Оныңа нанбаймын.

К ү л ә н д а. Жаным-ай! Сұмдық қой... обал ғой... қиын ғой...

М ү с л і м (ернін қысып). Тіс-с! Ақырын сөйле! Өзің кімді артық көресің? Болысты ма? Мені ме?

К ү л ә н д а. Әрине, сені... Бірақ болысты өлімге тағы қимаймын... Молда жігіт! Осылай ойнап-күліп жүрсек болмай ма?

М ү с л і м. Саған не керек? Қымбат көретінің байыңның болыстығы ма? Менің болыс болмасымды қайдан білдің?

К ү л ә н д а (қуланып). Молда жігіт! Сен болыс болсаң, қандай жақсы болар еді!

М ү с л і м. Құдай жеткізсе, осы сайлауда болыс болғанымды көрерсің.

К ү л ә н д а. Молда жігіт! Сені ел сайлай ма?

М ү с л і м. Байыңның жауыздығы елді өзінен бездірді. Байыңда ел жоқ. Ел менікі, елге мен сүйкісдімін, керек десе, билетке де ақша алмаймын.

 

К ү л ә н д а. Болыс болсаң, мені аласың ба? Жақсылықты ұмытып кетпейсің бе?

М ү с л і м. Не деп ант іш дейсің?

К ү л ә н д а. Қарғанбай-ақ қой, сендім... Бірақ сенің артыңдағы еліңді мен де байқаймын.

М ү с л і м. Байқасаң, байқа!

К ү л ә н д а. Мені аласың ғой?

М ү с л і м. Қолыңды әкел! Серттен тайғанымызды осы қол ұрсын!

К ү л ә н д а. (қолын беріп). Жарайды, қолға тапсырдым (Сүйісіп айрылады)

 

Үшінші көрініс

МҮСЛІМ

М ү с л і м. Ақымақ ұрғашы! Мені шын алады деп ойлайды. Қайдан білсін... Мен өзімнен басқа бір адамды жақсы көре алмаймын. Менің мақсатым: мансап табу, кек алу. Өлтірсін байын маған не керек?.. Бірақ мақсатыма жеткенше, сыр білдірмеуім керек.

Төртінші көрініс

МҮСЛІМ, ӘУБӘКІР

Ә у б ә к і р (келіп). Маған тапсыратын жұмысыңыз жоқ па?

М ү с л і м. Қайда барасың?

Ә у б ә к і р. Болыс Қойбағардың бір ту биесін ұстап әкел дейді.

М ү с л і м. Оны қайтпекші?

Ә у б ә к і р. Союға.

М ү с л і м. Тағы зарлатады екенсің ғой. Олай болса, сен Қойбағарға менен сәлем айт! Мүслім биесін алма деп, болысқа осынша айтса да, болмайды де! Ренжімесін, тірі болсам, оның есесін қайырармын деп айт, білдің бе?

Ә у б ә к і р. Дұрыс, айтамын.

М ү с л і м. Тағы мына жұмысты тапсырамын. Көрпебайдың қызы басына бостандық сұрап, нашалнікке арыз беріпті. Оны бергізіп жүрген болыс болуы керек. Қызды нашалнік шақыртып отыр, Көрпебайға айт, арызды мен

баса тұрамым, менің жақсылығымды ұмытып кетпесін де!

Ә у б ә к і р. Айтайын, бірақ Көрпебайдан бірдеңе алу керек еді. Пабеске жазып берсеңіз, мен оны өкіртер едім.

М ү с л і м. Алатын күн табылар, сайлау өтсін. Жалғыз сырласатын кісім сен ғой, Әубәкір! Сен байқайсың ғой, ел мені қалай көреді?

Ә у б ә к і р. Құдай біледі деп айтайын: сіз болыс болам десеңіз, сізді сайламайтын кісі бола қоймас деп ойлаймын.

М ү с л і м. Мен болыс болып шығайын, алудың әкесін сонда көрсетермін.

Ә у б ә к і р. Өзімнің де ішім сезеді.

М ү с л і м. Ауылнайлық пайдалы ма? Шабармандық пайдалы ма?..

Ә у б ә к і р. Ауылнайдың шені үлкен ғой, түсімге шабармандық та теріс емес.

М ү с л і м. Ендеше, сені ауылнай қоярмын. Сен осы бастан елді маған қарай икемдей бер.

 

Ә у б ә к і р. Оны өзім де ескеріп жүрмін. Мен жүрейін (Кетеді).

Бесінші көрініс

М Ү С Л I М

М ү с л і м. Елді алдаумен, еппен ұстау керек. «Әуелі бала еш нәрсесін тартып алмай, көрсетпей, ептеп алсаң, оқасы жоқ» деп Абай дұрыс айтқан. Қасқырбай елді қырып-жойып, қорқытып ұстады. Мен ел ұстасам, олай ұстамаймын. Алсам да, білдірмей аламын, езілген ел уысыңнан шықпай тұрмайды.

Алтыншы көрініс

М Ү С Л I М, ҚОЖАНТ А Й Қ А Ж Ы

Қ о ж а н т а й қ а ж ы (Муслімнің қасына келіп, курсініп отырады). Ей, Құдай-ай, сақтай гөр! Бұл не деген сұмдық еді!

М ү с л і м. Болысыңызбен жарастыңыз ба?

Қожантай. Жарасатын емеспіз, шырағым! Ауызын үлкен ашатын көрінеді.

М ү с л і м. Не алам деп отыр?

Қ о ж а н т а й. Маңдайыма басқан жалғыз тор

жорға атты аламын дейді, оған тағы бір қара қосасын дейді, шашым шақ келетін емес

М ү с л і м. Құрытады десеңізші!

Қожантай. Құрытқаны ғой... Құрытайын дегені ғой.

М ү с л і м. Бұның адамға жаны ашымайды. Қанынан қарайып кеткен адам. Ертең сайлау болғанда тағы ұмытып кетесіңдер ғой.

Қожантай. Ай, енді есімізден қала қалмас.

М ү с л і м. Кімді болыс қояр едіңіздер?

Қожантай. Шырағым ау, тіпті өзің неге болмайсың?

М ү с л і м. Бізге болыс боламын деу ұят қой.

Қожантай. Не ұяты бар? Жасың жетеді, ақылың жетеді. Қайта көзі ашық сенің болашағың жақсы болар еді.

М ү с л і м. Мені ел сайлай ма?

Қожантай. Мен өзім бесіншіні тырып еткізбей қолына берейін.

М ү с л і м. Рас айтасыз ба?

Қожамтай. Расым. Қашанғыдан бұрын

көзіміз ашылар еді. Өлдік қой әбден.

М ү с л і м. Еңдеше, Қажеке, уәде қылып қоялық. Бесіншінің міндетін аласыз ғой?

Қожантай. Бесіншіден бір үй шашау шығарсам, маған сәлем берме!

М ү с л і м. Ыбқот шықса, шығынға да, шыдайсыз ба?

Қожантай. Несі болса да, шыдаймын.

М ү с л і м. Қолыңызды әкел. (қол согысады.) Қай бұзылғанымызды осы қол ұрсын! Құдай ұрсын!

Қожантай. Құдайға тапсырдық. Тек сен де серігіңе тартып кетпесең.

М ү с л і м. Құдайға тапсырыңыз.

Қ о ж а н т а й. Жарайды, сені де бір сынайық.

Жетінші көрініс

Бұрынғылар, БОЛЫС, СҮЛЕЙМЕН МОЛДА

Б о л ы с (Мүслімге). Немене? Поштаны бүгін жөнелтуші ме едің?

М ү с л і м. Жөнелткелі отырмын, тығыз қағаздар бар еді.

 

 

"Мансапқорлар" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр