Іздеу

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйінде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр.

Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ. Кей қатын аузы сүйреңдеп, есек айтады; енді біреулер ауылды басына көтеріп, шаңқылдап баласын, байын қарғап жатады. Ондайдың бірімен ісі бола ма екен?! Жо-жо-жоқ. Қайта ондайды естігенде: «Беу, осы байғұстың тілінің жаманы-ай»,- деп, тыжырынып жаратпайтын еді.

Әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой. Ана үйді, мына үйді көрсең де, еншіге, не киімге, не тамаққа таласып бірінің

тілін бірі алмай, ұрыс-жанжал болып жатады ғой. Жүмандікінде ондай әрекеттің бірі болмаушы еді. Ондай тентектен, «биден» құдай сақтап еді. Жұман қатынымен қатты ұрысқанда: «Қақ басқа салып жіберейін бе?»— деп еркекше кісімсініп, қоқиланатын. Бірақ құр тілі болмаса, бас түгілі, өмірі арқаға да бір салған пенде емес еді. Жұман сүй дегенде, ұрмайтынын білсе де, қатыны недәуір шамданып: «Сені қойсайшы... сөйтпей» дейтін еді. Жұман ашуланғансып, жайымен отырып: «Сен бір таяқ жемей басылмассын» дегенде, қатыны кекетіл: «Иә, шіркін-ай, мені төркініме апарып тастайтын шығарсың» деуші еді. Сол кезде: «Еу, екі кәрің желігіп келеді! Екеуіне не жетпей отыр екен? Біреу шын ұрысып жатыр екен деп ойлар. Аға, қойсанызшы!»— деп, балалары жуып-шайып, аяғын күлкіге шаптырып жіберетін.

ҰЯДАҒЫ ЗОРЛЫҚ

Ер жетіп, ес білген сайын, Қартқожа өмірде

талай әділсіздіктерді көре береді. Өз басын құрбы-құрдастары талай кемсітіп, мазақ етіп қорлағаны, зорлық көрсеткені бар. Қаржасбайдың шалдуар баласы бір күні қарындашын тартып алып, бермей қойды. Жалынды, жалпайды, болмады. Әбден ыза болған соң, бай баласының қағазын тартып қалып, жыртып тастады. Бай баласы мен екі-үш бала жабыла ұрып, мұрнынан қанын ағызды. Қартқожа көрген қорлығын жылап келіп, әкесіне айтты. Әкесі Жұман назаланып, атына мініп, Қаржасбайдікіне барды. Байға мән-жайды түсіндіріп айтып еді баласына ұрысып, қарындашын алып бергені сол, «Балаға ара түсесің»— деп, Жұманның өзін сөкетті қылды. Не қылсын, салы суға кетіп, Жұман үйіне қайтты. Баласына: «Қарындашың жоғалып қалған екен, уақа етпес, бақалшыдан тағы қарындаш әперемін»- деп жұбатқан болды. Қартқожа аулының бір баласын Жұмат деген бала ұрып жатқан соң, болысайын деп

еді, Жұмат қарулы бала — желкеге қойып-қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын даладай қып қанатып кетті. Жалғыз ол ма? Жас күнінде бай балалары талай карға да аунатқан, қойнына қар да толтырған, тонын да жырткан, кітабын да шашқан, өгізшесінен аударып қуып жіберіп, талай жаяу да калдырған. Қайсыбірін айтарсың, қорлық-зорлығы толып жатыр. Осының бәрі Қартқожа ны ойландырды, жанын кейітгі: «Әттең, менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па?

Артық болса, малы артық, Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да құн болар ма екен!..» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Ол оны.мен тұрсын. Жалғыз өз басы ма? Күштілер әкесіне де зорлық етпеді ме? Мақымет бай үйлерінің бір кұнан өгізін қарызға алып, неше сұраса да, ол бермей қойды. Мақымет болыспен құда: оған шамасы қалай келсін? Оның үстінен кімге шақсын?

Қыстай қала-даласына мінетін жалғыз кер қасқа атты өзінен сұрамастан: «Тілмашқа керек, үйіне барып келеді»— деп, шабарман ұстап әкетіпті. Ол аттың «ай» дегенде, тулағын алып еді, зорыққан екен: Бір жұмадан соң пышаққа ілінді, бір-екі рет алым төлей қоймадың деп, ауылнайдың дікілдеп, боқтағанын да Қартқожа естіп жүрді; көрші ауылда Бұқабай би шабындысын тартып шауып алғанын да, әкесінің әркімге барын, сандальш, түк өндіре алмағаның да Қартқожа жақсы біледі. Мұнын бәрі Қартқожаның жүрегіне түйткіл болды. Болыс, тілмаш, ауылнай, шабарман дегендерді, тағы түрлі «адам» болып «атқа мінгендерді» Қартқожа зорлықшыл, жалмауыз, жан алғыш деп ұтынушы еді.

ЕЛІКТЕУ

Қартқожа ескіше оқып дүмше, тақуа молда болды. Аят оқығанда күйеу Мағзұмның мақамына да салып алды; құран оқығанда

шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып отыруды да білді. Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да, «тәямімді» қалай соғуды да үйренді, ғұсылдың қашан уажып болатынын да, ыстынжа қылғанда тамағын кенеп, сол аяғын тебінуді де токып алды. Осының бәрі қанша көп білім болса да, көп еңбекпен табылса да, не әкесін, не озін қорлық-зорлықтан арашалауға бір тиындай да пайдасы болмады. Қартқожа талай қынжылғанда, бар ынтасымен намазды бажайына келтіріп оқып, құдайға жалбарынып көрді; одан қала берсе, пайғамбардан, шадиярдан, әулие, машайықтардан да медет тілегі көрді. Олардың бәрінің құлағы керең болды білем, бірі де дұғасын естіген жоқ, бірі де медетінен қарайласқан жоқ. Қайдан қарайласады? Өздері де әлдеқашан топырақ болып, жоғалып кеткен.

Қартқожа әр болыста ауылнай, үшкөл деген бар деп естіді, пәленшенің, түгіленшенің

балалары сол үшкөлде оқып жүр, екі-үш жылда орыс тіліне судай болады екен, сонеоң, тілмәш, періуатшік болуға жарайды екен, деген сөздерге құлағын салатын болды. Ол былтыр кірестиански нашалніктің періуатшігін көрген. Ол қандай еді! Үсті-басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған. Аяғында әмірқан етік. Нашалніктің алдында аузы-аузына жұқпай судыратқанда кісілер таң қалмаушы ма еді?! Ол бір стражнікпен орысшыласып-орысшыласып, жеңіп кеткені қайда! (Орысшыласқан кісілер қай көп сөйлеп бастырмалатқаны жеңіп кетеді деп жоритын). Әбілда періуатшіктің стражнікті жеңіп кеткеніне Қартқожа қатты сүйсінген. Қазақтан да мұңдай жетік, орысшаға судай кісі болады екен-ау! — деп таңданған. Әбілда періуатшікті болыстікі қонақка шақырғаны да, оның таза көрпе, жастықтың үстінде шынтақтап жатып, шылымын бұрқыратып шай ішкені де бір керемет болып көрінген. Оның аты жоқ

қолындағы алтын жүзігі де, ақ желеткесінің омырауыңдағы салбыраған сағатының күміс бауы да, омырау қалтасынан қылтиып көрініп тұрған қара тарағы да бір түрлі жат болып көрініп, есінде қалған. Ал енді Мақыш тілмәш ше? Одан қорықпайтың, оны құрметтемейтін қазақ бар ма? Мақыш тілмәш қандай жағымпаз! Қартқожаның ойынша — тілмәш бір қалам тартып жіберсе, оның жазуы «Лауқылмақпұздан» кейін емес, бекіп қалатындай көретін. Тілмәштің қаламына ілінген кісі оңбайды деп білетін. Бұрынғы көрген «ұлықтары» тілмәш пен болыс болушы еді, Әбілда перуатшікті көрген соң, одан үлкен «ұлық» жоқ екен деп қол қойды. Орысша оқыған қазақ жігіттерін көргені, орысша оқытатын үшкөл бар деп есітуі Қартқожаның ойына бір түрлі жаңа нөрселер кіргізді. «Япырмай, орысша оқыр ма еді! Әбілда періуатшіктердей болар ма еді...Олардың да арманы бар ма екен...» деген ойлар еді оның

басып қатырған. Қартқожа осы ойларды көп ойлайтын болды. Көк құнанына мініп, әжесінің сәлемдемесін артына бөктеріп, апасына бара жатқанда да осыны ойлайды; қайтқанда да осыны ойлайды, бұзауға барса да, тезек терсе де осыны ойлайтын болды. Әбілда тілмәш оның түсіне де кіретін болды. Түсінде бұ да бір орыспен орысшыласып, жеңіп кетті. Қалаға да барды; қорықпай көп орыстардың арасында да жүрді. Ояна келсе баяғы жаман Қартқожа, баяғы жапырайылған жаман тымағы, бастама мәсісі, шамажайы шалжиған, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, ләңке шапаны, мойнындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған «Ісім ағзам» дұғасы. Қартқожа дамыл көрмейді, тағы ойлайды, тағы да жақсы-жақсы түстер көреді. Оянса - жоқ.

ҚАРЛЫҒАШ

Қартқожаның ауылы Қара құдық басында. Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ. Бірге туған ағасы итарқа күркесінде түске шейін тұрмайды.

Сәске мезгіл еді, әжесі: «Сиыр суға келді» деген соң, Қартқожа құдық басына жөнелді. Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып еді - Қартқожаның ол ойы болмады; ауылдың сиыры қаптап кетті. Қартқожа қауға тартты. Сиыр мал бірін-бірі исрмелемеіі, кимелемей, мүйіздеспей, астауды құлатпай қай жөнді су ішкен. Астауға үймелеп, бірін-бірі арт жағынан іліп тастап, су ішіп жатқан жолдасынын бүйірінен жайқап қалып, мүйіздері соқтығып, сарт та сүрт! Кіші үйдің көк сиыры Қартқожаның тарғыл шолақ сиырын су ішкізбей, түріп шыгарды. Қартқожа қауғаның сабымен: «Ой, арам қатқыр, кек ит!»- деп, кеңсіріктен салып жіберді. Көк сиыр тұмсығын шайқап, сазайын алып, шыға берді. Ұрғанды тындайтын емес, оты қанып, қансып қалған мал қырып барады. Көздері аларып. аузын толтыра-толтыра, таласа-тармаса, өлердей жұтып жатыр. Құлақ оты жердегілері болмаса, кейінгі жақтағыларға судың иісі ғана барады,

бір құйған су алдынғы екі-үш сиырдың жалпак аузымен бір жаймағаннан да аспайды. Тағы бір жаманы — қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалады. «Өңкей тоғышар, қауғасының жыртығын да бүтіндемейді, қайтерсің?» деп кейіп қояды. Қартқожа жанталасып, мықшындап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел. келмейді. Ана Ыбырайларды қарашы, керіп тұрып, әдейі келмей тұрғанын, «ерегіскенде суармай қояйын ба!» дейді Қартқожа. Дегенмен сомадай болып, бір ауылдын сиырына қауға тарта алмауды намыс көреді; сыр алдырмағысы келеді. Сиырлар қарқының басқан кезде, Қартқожа бітегене тыныстап, оң жаққа қарады.

Үлкен ауыл жақта екі атты кісі келе жатыр екен. Біреуінің сымпиған қара киімі бар, басындағысы - ноғай бөрік. Орныға алмай, қоқиып, атқа отырысы; екі тізесін қомдап,

аяқтарынын басын атгың шынтағына тығып,қамшылағаңда қолтығы көтеріліп, қолп-қолп етіп желгені «ел казағы емеспін!»- деп анадайдан айғайлап, айтып келеді. Қасындағысы - үлкен ауылдағы Сәдуәлі. Құдықтың қасынан бүлкектетіп өте шығып барды да, Шідербайдікіне түсе қалды. «Бұл не қылған адам екен, білейінші» деп сиырын суарып бола сала Қартқожа да келді. Әбілда періуәтшікті көргеннен бері орысша киінген кісі оған таңсық көрінетін, қасына жақындаса, бірдеңесі жұғып кететінден, жанына баруға көңілі соға беретін. Келген соң білді: Үпіде оқып қайтқан қазақ шәкірті екен, ылаулап үйіне кетіп бара жатқан.

Шідербай шәкірттен оны-мұны сұраған болып отырды. Ол жалақтын қай берекелі сөзі болады, баяғы «Қаратау қаладан қашан шықтыңыз? Орыс-орманнан не жат хабар бар? Қай ел боласың? Оқығалы қанша болды? Әке-шешеңіз бар ма?

Неше ағайынды боласың? Жамағатыңыз жоқ па еді?»- деп, түп-тұғияның қаза сұрады, дәл бір құда болатын кісіше. Шәкірт қысқа-қысқа жауап қайырып отырды. «Қалың берген жоқ па еді?»- деп, ойланып отырып тағы сұрады. «Жоқ» деген соң, көңілін жұбатқаны ма, әлде несі: «Әлі жас көрінесіз ғой»,- деді тыныш отырмай. Бұл сұрауларды Қартқожа жарадай көріп отырды. Шідербайдың әңгімешіл, кісіге жұғысқыш, білетін кісімсіп айтқан сөздері тұрпайы екендігі көрініп тұр. «Құдайдын құдірет-ау! Оған қалың берген, бермегені Шідербайға не керек? Әшейін сөз таба алмағандық-ау!» деп ойлап отыр Қартқожа. Қартқожаның жанына үшкөл мектеп, қала, оқу жайынан айтса, жағар еді. Үлкен кісі сөйлесіп отырған соң, бірдене сұрауға әдепсіздік болар деп, Қартқожа бойын бақты. Лау әкелген жігіт атты тезірек қамдатайын деген оймен: «Бұ кісі көп бөгелмейтін шығар, лауды қамдата отырғаныңыз дұрыс болар»,— деді.

 

"Қартқожа" романының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр