Іздеу

Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ. Кей қатын аузы сүйреңдеп, есек айтады; енді біреулер ауылды басына көтеріп, шаңқылдап баласын, байын қарғап жатады. Ондайдың бірімен ісі бола ма екен?! Жо-жо-жоқ. Қайта ондайды естігенде: «Беу, осы байғұстың тілінің жаманы-ай»,- деп, тыжырынып жаратпайтын еді.

Әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой. Ана үйді, мына үйді көрсең де, еншіге, не киімге, не тамаққа таласып бірінің

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр