Іздеу

тілін бірі алмай, ұрыс-жанжал болып жатады ғой. Жүмандікінде ондай әрекеттің бірі болмаушы еді. Ондай тентектен, «биден» құдай сақтап еді. Жұман қатынымен қатты ұрысқанда: «Қақ басқа салып жіберейін бе?»— деп еркекше кісімсініп, қоқиланатын. Бірақ құр тілі болмаса, бас түгілі, өмірі арқаға да бір салған пенде емес еді. Жұман сүй дегенде, ұрмайтынын білсе де, қатыны недәуір шамданып: «Сені қойсайшы... сөйтпей» дейтін еді. Жұман ашуланғансып, жайымен отырып: «Сен бір таяқ жемей басылмассын» дегенде, қатыны кекетіл: «Иә, шіркін-ай, мені төркініме апарып тастайтын шығарсың» деуші еді. Сол кезде: «Еу, екі кәрің желігіп келеді! Екеуіне не жетпей отыр екен? Біреу шын ұрысып жатыр екен деп ойлар. Аға, қойсанызшы!»— деп, балалары жуып-шайып, аяғын күлкіге шаптырып жіберетін.

ҰЯДАҒЫ ЗОРЛЫҚ

Ер жетіп, ес білген сайын, Қартқожа өмірде

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр