Іздеу

талай әділсіздіктерді көре береді. Өз басын құрбы-құрдастары талай кемсітіп, мазақ етіп қорлағаны, зорлық көрсеткені бар. Қаржасбайдың шалдуар баласы бір күні қарындашын тартып алып, бермей қойды. Жалынды, жалпайды, болмады. Әбден ыза болған соң, бай баласының қағазын тартып қалып, жыртып тастады. Бай баласы мен екі-үш бала жабыла ұрып, мұрнынан қанын ағызды. Қартқожа көрген қорлығын жылап келіп, әкесіне айтты. Әкесі Жұман назаланып, атына мініп, Қаржасбайдікіне барды. Байға мән-жайды түсіндіріп айтып еді баласына ұрысып, қарындашын алып бергені сол, «Балаға ара түсесің»— деп, Жұманның өзін сөкетті қылды. Не қылсын, салы суға кетіп, Жұман үйіне қайтты. Баласына: «Қарындашың жоғалып қалған екен, уақа етпес, бақалшыдан тағы қарындаш әперемін»- деп жұбатқан болды. Қартқожа аулының бір баласын Жұмат деген бала ұрып жатқан соң, болысайын деп

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр