Іздеу

еді, Жұмат қарулы бала — желкеге қойып-қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын даладай қып қанатып кетті. Жалғыз ол ма? Жас күнінде бай балалары талай карға да аунатқан, қойнына қар да толтырған, тонын да жырткан, кітабын да шашқан, өгізшесінен аударып қуып жіберіп, талай жаяу да калдырған. Қайсыбірін айтарсың, қорлық-зорлығы толып жатыр. Осының бәрі Қартқожа ны ойландырды, жанын кейітгі: «Әттең, менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па?

Артық болса, малы артық, Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да құн болар ма екен!..» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Ол оны.мен тұрсын. Жалғыз өз басы ма? Күштілер әкесіне де зорлық етпеді ме? Мақымет бай үйлерінің бір кұнан өгізін қарызға алып, неше сұраса да, ол бермей қойды. Мақымет болыспен құда: оған шамасы қалай келсін? Оның үстінен кімге шақсын?

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр