Іздеу

шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып отыруды да білді. Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да, «тәямімді» қалай соғуды да үйренді, ғұсылдың қашан уажып болатынын да, ыстынжа қылғанда тамағын кенеп, сол аяғын тебінуді де токып алды. Осының бәрі қанша көп білім болса да, көп еңбекпен табылса да, не әкесін, не озін қорлық-зорлықтан арашалауға бір тиындай да пайдасы болмады. Қартқожа талай қынжылғанда, бар ынтасымен намазды бажайына келтіріп оқып, құдайға жалбарынып көрді; одан қала берсе, пайғамбардан, шадиярдан, әулие, машайықтардан да медет тілегі көрді. Олардың бәрінің құлағы керең болды білем, бірі де дұғасын естіген жоқ, бірі де медетінен қарайласқан жоқ. Қайдан қарайласады? Өздері де әлдеқашан топырақ болып, жоғалып кеткен.

Қартқожа әр болыста ауылнай, үшкөл деген бар деп естіді, пәленшенің, түгіленшенің

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр