Іздеу

қолындағы алтын жүзігі де, ақ желеткесінің омырауыңдағы салбыраған сағатының күміс бауы да, омырау қалтасынан қылтиып көрініп тұрған қара тарағы да бір түрлі жат болып көрініп, есінде қалған. Ал енді Мақыш тілмәш ше? Одан қорықпайтың, оны құрметтемейтін қазақ бар ма? Мақыш тілмәш қандай жағымпаз! Қартқожаның ойынша — тілмәш бір қалам тартып жіберсе, оның жазуы «Лауқылмақпұздан» кейін емес, бекіп қалатындай көретін. Тілмәштің қаламына ілінген кісі оңбайды деп білетін. Бұрынғы көрген «ұлықтары» тілмәш пен болыс болушы еді, Әбілда перуатшікті көрген соң, одан үлкен «ұлық» жоқ екен деп қол қойды. Орысша оқыған қазақ жігіттерін көргені, орысша оқытатын үшкөл бар деп есітуі Қартқожаның ойына бір түрлі жаңа нөрселер кіргізді. «Япырмай, орысша оқыр ма еді! Әбілда періуатшіктердей болар ма еді...Олардың да арманы бар ма екен...» деген ойлар еді оның

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр