Іздеу

басып қатырған. Қартқожа осы ойларды көп ойлайтын болды. Көк құнанына мініп, әжесінің сәлемдемесін артына бөктеріп, апасына бара жатқанда да осыны ойлайды; қайтқанда да осыны ойлайды, бұзауға барса да, тезек терсе де осыны ойлайтын болды. Әбілда тілмәш оның түсіне де кіретін болды. Түсінде бұ да бір орыспен орысшыласып, жеңіп кетті. Қалаға да барды; қорықпай көп орыстардың арасында да жүрді. Ояна келсе баяғы жаман Қартқожа, баяғы жапырайылған жаман тымағы, бастама мәсісі, шамажайы шалжиған, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, ләңке шапаны, мойнындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған «Ісім ағзам» дұғасы. Қартқожа дамыл көрмейді, тағы ойлайды, тағы да жақсы-жақсы түстер көреді. Оянса - жоқ.

ҚАРЛЫҒАШ

Қартқожаның ауылы Қара құдық басында. Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ. Бірге туған ағасы итарқа күркесінде түске шейін тұрмайды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр