Іздеу

Сәске мезгіл еді, әжесі: «Сиыр суға келді» деген соң, Қартқожа құдық басына жөнелді. Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып еді - Қартқожаның ол ойы болмады; ауылдың сиыры қаптап кетті. Қартқожа қауға тартты. Сиыр мал бірін-бірі исрмелемеіі, кимелемей, мүйіздеспей, астауды құлатпай қай жөнді су ішкен. Астауға үймелеп, бірін-бірі арт жағынан іліп тастап, су ішіп жатқан жолдасынын бүйірінен жайқап қалып, мүйіздері соқтығып, сарт та сүрт! Кіші үйдің көк сиыры Қартқожаның тарғыл шолақ сиырын су ішкізбей, түріп шыгарды. Қартқожа қауғаның сабымен: «Ой, арам қатқыр, кек ит!»- деп, кеңсіріктен салып жіберді. Көк сиыр тұмсығын шайқап, сазайын алып, шыға берді. Ұрғанды тындайтын емес, оты қанып, қансып қалған мал қырып барады. Көздері аларып. аузын толтыра-толтыра, таласа-тармаса, өлердей жұтып жатыр. Құлақ оты жердегілері болмаса, кейінгі жақтағыларға судың иісі ғана барады,

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр