Іздеу

бір құйған су алдынғы екі-үш сиырдың жалпак аузымен бір жаймағаннан да аспайды. Тағы бір жаманы — қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалады. «Өңкей тоғышар, қауғасының жыртығын да бүтіндемейді, қайтерсің?» деп кейіп қояды. Қартқожа жанталасып, мықшындап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел. келмейді. Ана Ыбырайларды қарашы, керіп тұрып, әдейі келмей тұрғанын, «ерегіскенде суармай қояйын ба!» дейді Қартқожа. Дегенмен сомадай болып, бір ауылдын сиырына қауға тарта алмауды намыс көреді; сыр алдырмағысы келеді. Сиырлар қарқының басқан кезде, Қартқожа бітегене тыныстап, оң жаққа қарады.

Үлкен ауыл жақта екі атты кісі келе жатыр екен. Біреуінің сымпиған қара киімі бар, басындағысы - ноғай бөрік. Орныға алмай, қоқиып, атқа отырысы; екі тізесін қомдап,

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр