Іздеу

аяқтарынын басын атгың шынтағына тығып,қамшылағаңда қолтығы көтеріліп, қолп-қолп етіп желгені «ел казағы емеспін!»- деп анадайдан айғайлап, айтып келеді. Қасындағысы - үлкен ауылдағы Сәдуәлі. Құдықтың қасынан бүлкектетіп өте шығып барды да, Шідербайдікіне түсе қалды. «Бұл не қылған адам екен, білейінші» деп сиырын суарып бола сала Қартқожа да келді. Әбілда періуәтшікті көргеннен бері орысша киінген кісі оған таңсық көрінетін, қасына жақындаса, бірдеңесі жұғып кететінден, жанына баруға көңілі соға беретін. Келген соң білді: Үпіде оқып қайтқан қазақ шәкірті екен, ылаулап үйіне кетіп бара жатқан.

Шідербай шәкірттен оны-мұны сұраған болып отырды. Ол жалақтын қай берекелі сөзі болады, баяғы «Қаратау қаладан қашан шықтыңыз? Орыс-орманнан не жат хабар бар? Қай ел боласың? Оқығалы қанша болды? Әке-шешеңіз бар ма?

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр