Іздеу

Неше ағайынды боласың? Жамағатыңыз жоқ па еді?»- деп, түп-тұғияның қаза сұрады, дәл бір құда болатын кісіше. Шәкірт қысқа-қысқа жауап қайырып отырды. «Қалың берген жоқ па еді?»- деп, ойланып отырып тағы сұрады. «Жоқ» деген соң, көңілін жұбатқаны ма, әлде несі: «Әлі жас көрінесіз ғой»,- деді тыныш отырмай. Бұл сұрауларды Қартқожа жарадай көріп отырды. Шідербайдың әңгімешіл, кісіге жұғысқыш, білетін кісімсіп айтқан сөздері тұрпайы екендігі көрініп тұр. «Құдайдын құдірет-ау! Оған қалың берген, бермегені Шідербайға не керек? Әшейін сөз таба алмағандық-ау!» деп ойлап отыр Қартқожа. Қартқожаның жанына үшкөл мектеп, қала, оқу жайынан айтса, жағар еді. Үлкен кісі сөйлесіп отырған соң, бірдене сұрауға әдепсіздік болар деп, Қартқожа бойын бақты. Лау әкелген жігіт атты тезірек қамдатайын деген оймен: «Бұ кісі көп бөгелмейтін шығар, лауды қамдата отырғаныңыз дұрыс болар»,— деді.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр