Іздеу

АҚБІЛЕК

Бірінші бөлім

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай, Күршім — не заманнан калың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған — ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алты ай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.

Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр