Іздеу

құрайын бір тамаша.Ертегі емес, ертеде емес, ұзын да емес, келте де емес, қарапайым қара сөзбен бір әңгіме шертейін. Қысыр сөзді қысқартайын, әңгімеге жол тартайын. Өлең сөзге олақ едім, күйлі емес деп қомсынбаңдар.

Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр бейсауат. Көтегейі — Күршім жақ, бет алысы — Қараекем шаты. Қараекем шаты жартас, дәл аясы — шұңқыр көгал, бір ауызды, тар ауызды шұңғыл шаттын; мейірімді Алтай түсі қашып, түнде жортқан, жорықшыға соққан ғой. Ажал түрткен мал болмаса, мал алдырған жан болмаса, тереңге кім барған?

Ала ат мінген терең шаттың дәл аузына аттанғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады. Тар ауызда тас тасалап, сұр шекпенді, бесатарлы біреу жатыр бас бағып. Әлгі шекпен ала аттыны көре сала, ақ орамал көтерді, ала ат мінген оны көріп ақ тымағын

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр