Іздеу

көтерді. Сөйтті дағы ала ат мінген қапсағаймен ат жетелеп, асып кетті әрі қарай.

Марқакөлде майға бөккен мал мен ел тау ызғары жамбасынан өткен соң, етектегі қыстауына еңбектесіп түскен шақ.

Мамырбайдың малайлары қора жамап, пешін қалап, үйін сылап болған еді. Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, малайларға киіз үйін қағып-сілкіп, жинатқызып жүрген еді. Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі — жас түлегі, айы-күні — жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлбеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді. Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қаңқыл етіп, дауысы сыңқыл-сыңқыл етіп:

— Көзім тартып тұрғаны несі?— деп, бір бұраңдап қойған еді...

— Жай тартады да... қуанарсың... қай көзің?..

— Қуанар ем сол көзім,— деді бітті, кім елеген ондайды?

 

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр