Іздеу

Алымсағын, шөбін жинап, партияның қамын да ойлап, Мамаекең де кешке жақын жолдасымен келіп түсті.

Тау бетінен аңдағайлап жатағына мал келді. Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жүң. Ауыл түтін, өзен күріл. Қызыл іңір. Малын жайлап, шайы қайнап, ел де орынға отырды.

Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі — манағы айтқан, өзің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді. Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға келді саусылдап.

Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бөріктірді, елдің апшысын қуырды:

 

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр