Іздеу

— Ах, сволыш! Тап атты!..

Мылтық колда қамшы жонда, ат таппасқа әдді не? Атты да алды, шідерді де алды, жүгенді де алды, кілем, көрпе, қоржын, шалбар...— бәрі кетті.

— Төре... тақсыр...

— Ой, құдай-ай!

— Аясайшы, бейуаз ек қой!— деуге келді тілдері. Шайды алдына жаңа койып, "біссміләні" келтіргені сол еді, Мамырбайдың бір малайы жетіп келді ентігіп:

— Келіп калды!

— Кім, кім?

— Көкпең-көк...

— О кім?

— Өңшең орыс! Мамырбайдың мұршасы:

— Жина, ұмтыл, қаш, тығыл!— деуге ғана келді. Дастархан мен шай қалды жайрап, жиюсыз шыны аяқ калды күйреп, Мамырбай күрс-күрс, бір есікке, бір төрге... жаушы-жалам, бәйбіше де, қыз да жоқ.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр