Іздеу

Сыртқы есікке жетер-жетпесте Мамырбайдың кеудесі үңірейген үш мылтықтың аузына тірелді. Бай шалқалап, мұрттай ұшты.

Мылтық дүмі, қылыштың қырымен айдап шығарылған ауылдың еркек біткені басын қорғап, борсаңдап, Мамырбайдың етігіне отағасын бас қыла қамады да, сыртынан қара құлып салынды. Аузында күбір-күбір "сұбқан", аяғы жыбыр-жыбыр еңкең қағып, қораны орағытып бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды.

— Қайдан келесің?

— Мына... мына,— дей беріп еді.

— Мә, саған мына-мына!— деп білеуітпен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ етті. Жаулық кетті жапырылып, ауыз кетті опырылып.

— Тап деген соң, тап қызды! Кімнің қызын, жасаған?!

— Сенікі қыз, сенікі.

 

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр