Іздеу

— Қызым жоқ, ойбай!..

— Қыз бар! Табасын!

Орыс қадалып, білеутін зулатты. Бәйбіше қадалып, "қызым жоқ" деп бажылдап, өтірікті саулатты.

— Өзім табам,— деп орыс жүгіріп ала жөнелді.

Үш орыс қолдарына шырақтан алып, қораны, үйді, тезекті, шұқырды, жүкті, пішенді — бірін қоймай найзаларымен піскілең тінтіп жүр. Зым-зия, Ақбілек жоқ.

"Орыстар келіп қалды" дегенде бәйбіше теріскейдегі кішкене есіктен ептеп шығып, жер бауырлап, бүкеңдеп, Ақбілегін жетелеп, бір апанға апарып: "Тырп етпей жат!" деп кеткен.

Қыз табылмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені терезе алдына етпетінен басып, жиырма бес қамшы соқты. Үні шықса, Ақбілегінің жаны қабат шығады ғой, құшырлана тістеніп, ышқына ыңқылдағаннан басқа дыбыс бермеді. Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр