Іздеу

жалғызын "кәпірге" қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе?

Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты. Бір тайпа ауыл — үш мылтықтың албастысы басып, тұншықты.

Үрейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап, құлағын түріп, түсі жаман, ойы қараңғы бір адам жүр. Ауылдан бажыл шыққанда әлгі адам бір тұрып, бір жүріп, ауылға таман ұмтылды. Ұмтылып еді, астындағы жануар қорс етіп, лоқып қалды. Аяғын үзеңгіден ептеп сырғытып, сыбдырын ұрлап, жұмсақ шөпті жапыра басып, жерге түсті. Атын артқы қасына кайқита қаңтарып, қыл шылбырмен тұқырта тас қылып ұстап, үш атты матастырды да, қотанға кіретін епті қасқырша бүкеңдеп адымдады. Қарауытқаң қара жамылған ауылдың иті ұлып тұр. Бес-алты адым аттады ма, жоқ па, әлде шөптің сыбдырындай судыр еткен — аяқ асты

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр