Іздеу

қарауытқан шұқыр болды. Шұқыр түбінде бірдеңе ағараңдаған тәрізді, қимыл етті.

— Ағатай-ай!— деді біреу ышқына сыбырлап.

— Ақбілекпісің?— деді әлгі адам біліп койғандай.

— Мен едім, құтқар, ағатай,— деп апанның ернеуіне таман өрмелеп еді.

— Құтқарам. Бұқ. Жата тұр,— деді де, қазақ қалбалаңдап жоқ болды.

Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып калды.

Әлгі адам жүгіріп барып тоқтағандай, ат ышқынғандай, үзеңгіге аяқ салғандай, тебінгі тырс еткендей болды. Атына мініп келейін деген екен ғой, енді ажалдан құтылдым ғой. Жасаған-ай! Тәубе дей беріп еді, дүбірлеген аттың тықыры жақындамай, теріс айналып кеткендей болды. Қолы әлі жәрдем тілеуден, жарылқаушы періште келетіндей, дәмелене күтсе де тықыр алыстап, дүбірлетіп, шауып кетті. Қолдары сылқ ете түсті, аяғы тайғанап

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр