Іздеу

кетті, сырғанап, түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай көрінді...

Ауыл жақтағы иттердің манағы шабаланғаны жоқ. Анда-санда сақ қаншықтың безілдеген, жас күшіктің шәуілдеген әлсіз дауысын төбеттердің күңіренген ұзын сарыны басып тұрғандай, сөйтіп тұрғанда бірдеме ысқырғандай болды. Ауылдан иттері шабаландырған аттың дүрсілі тауға карай кетті. Ит дауысы алыстап барып, қайта жакындап, абалады. Ажал да абалады. Дүрсіл ауылга қайтып келді. Күбір-күбір адам дауысы естілген тәрізденді. Акбілектің жүрегі зырқ ете түсті. Зырқ етпей қайтсін, тықыр шықты. Жүрегінің дүрсілі болғай еді деп, қолын кеудесіне басып еді. Тас, тас емес-ау, темір емес — ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр етті. Апан көр сияқтанды. Өйткені ажалдай түсі суық саудыраған үш адам келіп қалды. Бала қамаған лаққа ұқсап, апанды айнала жүгіріп, өкпесін соққан торғайдай торға

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр