Іздеу

ілінді. Сонда да есінен танбады:

— Апатай-ай!— деген жан даусы таудың басына барып шақ еткендей болды. Мейірімсіз темір қолдар алып ұрып аузын басып жатса да қолды кейін сермеп, басын жұлқып, үзіліп, өзеуреген ащы айғайы апатайының кұлағына сап етті. Жолына шойын тағалағандай апасы сіресіп калсада елемей, шыңғырған дауысқа карай үкідей ұшып келеді. Қызын бүркітше бүріп, іліп жатқан екі орысты анасы екпінімен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай, баласын бас салды. Олай сүйреп, бұлай жұлқып, қызды анасының құшағынан ала алмаған соң, орыстар мылтық дүмін жұмсады. Жанына мылтық батқанда, анасы қызын тастай беріп, алыса кетті. Апыр-шұпыр екі орысты екі алып ұрып, бірінің үстіне бірін білектеп жатқанда, үшінші орыс тайқып шегіне берді. Босанысымен қашуға оңтайланған Ақбілек апанның ернеуіне жете түсіп

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр