Іздеу

анасының қалып бара жатқанын көріп, қайта апанға түскенде, анасы қызына қарсы ұмтылды. Сол кезде бос қалған орыс анасын жауырын ортадан басып салды.

— Алла!— деп ана құлады. Үш орыс қызды көтеріп, ойбайлатып алды да жөнелді. "Апатайлаған" айғайы жерді-көкті жұлып, Ақбілек зарлап, аттардың дүрсілі тауды дүсірлетіп, абалап иттер куып бара жатқанда:

— Қайдашы, қайдалап?—төтеден бір топ кісі қуып ала жөнелді.

— Аттаншы! Аттан!

Жер де айғай, көк те айғай. Тау күңгірлеп тас шықырлайды.Қуғыншылардың қарасын көріп, қыз өңгергенді қоя беріп, екі орыс аттарын тежей, мылтықтарын кезей бастады. Екі атты есік пен төрдей жерге келіп калды. Тау сатыр-сұтыр етті. Куғыншының біреуі қиялай шауып, атының жалын құша жығылуы-ақ мұң екен, арттағылары азан-қазан, ұйқы-тұйқы түсе калды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр