Іздеу

Манағы ала атты кім? Қыз алып қашқан орыстар кім? Бұларды куам деп оққа үшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздерін сөйлетейік пе?

Кане, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегенің қолдарыңды көтер. Біреу, екеу... жоқ, өздері сөйлесін дегендерің қол көтер... Төртеу, бесеу... Өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды.

Әуелгі сөз оққа ұшқан жігіттікі.

БЕКБОЛАТ

Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым — Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сүр шапан, сар сафиянға кара ала жапқан күміс белбеу аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім, алдынғы капталдағы дабыл

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр