Іздеу

кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де аяғында хат таныдым. Көршінің қатыны мен қожаның өсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін көзіміз ашылды.

Оннан асқан соң-ақ қыдырған, қолы бос жігіттердің боқауызын, былапыт әңгімесін тыңдап, он беске келген соң, қыз-келіншек бар үйдің іргесін тырнап, жібін киып, есігін қиратып, түн баласында дамыл көрмедік. Жолдастарға еріп, ойын-сауык қуып жүріп, кылжақты, өлеңді, домбыраны үйрендім, еті тірі, жаксы жігіттерге еліктеп насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Тұзды ет беріп, сауға жығып, қашырып алып талай құстан айрылсам да аяғында құстың да тілін білдім, я шіркін! Астында жарау бедеу, қолында қыран тұйғын үстінде сымдай киім, өзек-өлкені сыпылдата кезіп жарқ-жұрқ еткізіп, қаз, үйректі сыпыртып, кешке таман сұлу қызды ауылдың сыртына қонам деп, ....

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр