Іздеу

Елеусіз ерлер

Мектеп үйінің алдында жиналған қалың топқа екі зиялы көп сөйледі. Қазақтың тарихынан қозғай, қауып-қатерді үйіп-төгіп, аласапыран, жаугершілік заманда ел қор¬ғай-тын азамат болмаса, жоғалып, құрып кетесіңдер, деп елдің қамын жеп сөйледі. Жиылған қауым тырс етіп жауап қайыр¬мады. Тамағын кенеп, жөтеліп, тымағын көзіне түсіріп, жер шұқып отыра берді. Жұрт өрт қамаған қойша ұйлығып, шығуға жол таба алмай, иығы түсіп кетті; белсеніп шығып, қасқиып жауап берерлік жан табылмады. Әншейінде елге басалқы айтатын ақсақалдар таба алмай сандалды, аузына құм құйылды. Өйткені, мәселе тосын еді, шешуі қиын еді. Топтың кеуде кезінде отырған көнетоз қоңыр пенжақты, кепе қалпақты, кертімтеш мұрын, секпіл қара жігіт мойнын созып, төңірекке қарай берді. Көзінен найзағайдың отындай жылт-жылт етіп ұшқын шашқан тәрізді болды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр