Іздеу

Осынша жұрттың қамалып, жауап бере алмай дағдарып отырғанына күйіп-пісіп кеткендей, әлдебір аяулы нәрсесін жоғалтып күйінгендей, әлде кек алатын кезек келіп, қолына түкіріп, кіжінгендей пішіні бар еді. Ол мындай ойда отыр еді:

«Жалғыз атымды алып қойды. Ауылымды шапты. Әйелімді өлімші қып ұрып кетті. Жеңгелерімді, қарындастарымды басты. Қайролда сықылды жан жолдасымды өлтірді… Менен күйінді, менен қорлықты көп көрген кім бар? Осыған жазылып кетсем, қайтер еді? Бірақ елдің бәрі үндемеуі қалай? Бұл ұнайтын іс болса, өзгелер неге жазылмайды? Елден алабөтен жазылып, маған серік табылмаса, онда мен неге тентіремекшімін? Менің оным ақымақтық, ұшқалақтық болмасын ба?.. Жұрт маған күледі ғой!.. Қой, олай болмас, серік табылар. Жалғыз қырғын тауып отырған біз бе? Аман отырған кісі бар ма? Топтың қамалып отырғаны бұрын

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр