Іздеу

мұндайды көрмегендік шығар. Менің аянатын не жаным бар? Қарап отырып өлгенше, қолыңа қару алсаң, жастығыңды ала өлсең ғой! Жазылмағанда, бір күні Қайролда сықылды жылатып, өлтіріп кетпесіне көзім жете ме?.. Не де болса, тәуекел деп жұрттың алдына бір түсейін!..» деген ойға тірелді де қолын көтеріп түрегелді. Жұрт қарай қалды.

– Мен жазыламын, ағайлар!

– Е, бәрекелді! – деп екі азамат қуанып қалды.

– Аты-жөнің кім, шырағым?

– Әбіш Қошқарбай баласы.

Әбіш жазылды да топқа қарап қолын сермеп, қайраттанып сөйледі:

– Жігіттер, мен, міне, жазылдым, жаны ардақты байлар отырсын. Кедейлер, сендер несіне аянасың? Жазылыңдар!.. Бәрібір құр қол жүріп, иттен сасық боп өлгенше, тым болмаса, төбелесіп өлейік, несі бар дейсің? Олар да өзімдей кісі…

Әбіш соны айтып болып отырған кезде ана

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр