Іздеу

жақтан дембелше, тышқан көз, қара торы жігіт түрегелді де:

– Мені де жазыңыз, – деді.

– Аты-жөнің кім?

– Ораз Онбай баласы.

Жастарға жыбыр кіре бастады… «Сен жазыл, сен жазыл!» десіп біріне бірі сілтесті. Өзіне серік шыққанға Әбіш әлдеқандай мардамсып қалды.

– Кәне, тағы жазылатындар бар ма? – деп әлденеше айтылған соң кедейден 5-6 бала жазылды. Одан артық кісі шықпады. Қанша қақсаса да, қандай ұқтырса да, ел ұқпады. Қайта, жазылған жігіттерді кекетіп, сықақ қыла бастады. Екі азамат исполком бастығын шақыртып алды да:

– Мына қағазды укомге тапсырыңыз, уком мылтық, қылыш, қару береді. Бұларға ел үстінен ат әпереміз. Бұлар елді қорғайтын атрет болады, – деді. Олар жүріп кетті. Топ тарқады.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр