Іздеу

Күн еңкейген кезде мойындарында мылтығы бар сыптығыр екі жігіт адырдан түсе беріп, аттың басын жіберді. Шүу дегенде қылаң атты озып шықса да, жарты шақырым шапқан соң, баран атты да жетті де, қамшымен жоннан бір тартып, басып озды. Екеуінің суылдаған екпінімен ши түбіндегі жапалақ қалбалақтап аспанға ұшып, лағып барып есін жинайды. Шөп арасындағы шырылдауық шегірткелердің ішегі шығып қалып жатыр. Көгілдір әуеде қанаты қалшылдап, ілулі тұрып, ащы әнге басқан бозторғайлар болмаса, оқ қалақтай қалықтап, тышқан сүзіп жүрген құладындар болмаса, тезек басында қоразданып отырған бөктергі, бұлтаңдаған саршұнақ, секеңдеген қосаяқ сықылды қорқақ жандықтар аттылардың дүбіріне шыдамай, қасқырдан үріккен қойдай жөңкіледі. Омыраудан соққан аңызақ, шапқан аттың зуылдаған желі екі жігітті де желдендірді, желіктірді; екеуі жатып аударыс

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр