Іздеу

салды; үзеңгі қағысып тартқанда, бірін-бірі әкете алмады. Енді артынан ағызып келіп жұлып кетуді бастады. Аударыспақты болған соң шауып келе жатып қарғып түсіп, атып мінуді істесті; жерден топырақ алысты, жыраңқайдан ат қарғысты; тұра қалып қарақұсты атысты. Көлденеңнен қараған кісі бұл екеуін нағыз еріккен деп ойлар еді, бір-ақ бұлар ерігіп жүрген жоқ еді; Бұлар өздерін соғысқа даярлап жүрген Әбіш пен Ораз еді.

Екі жігіт бірталай жер жүрген соң, Қарашығанақта үш күннен кейін табысуға уағда байлап, екі жаққа кетті.

Әбіш түн қатып, ертең сәскеде Келтебұтаққа келді. Келтебұтақ – мұжық қаласы. Бер жағында Иманақ ауылында Әбіштің апасы болатын. Әбіш сонда келді.

Әбіш аттан түсер-түспестен апасының көзі бажырайып:

– Қарағым-ау, тез аттан! Поселкеде банда жатыр. Жездең де қашып кетті, – деді.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр