Іздеу

– Банда көп пе екен, апа?

– Ойбай, адам айтқысыз, дейді.

Әбіш апасымен сөйлесті де, атын қараңғы қораға, мылтығын шөптің астына тығып, үстіне жаман киім киіп, бір тайға жайдақ мінді. Қолына бір қапты алды. Сөйтті де, поселкеге кетті. Апасы: «Барма!» деп байбалам салса да, тыңдаған жоқ.

Қолау тайды салақтаған аяғымен өкпеге тепкілеп, жолмен солталаңдатып алып келеді. Маңайда тірі тышқан көрінбейді. Поселкенің бері жағында бір жарқабақ барды. Әбіш аяңдап жардың басына шықты. Жарты шақырым жерде поселке тұр. Қаланың ішінде олай-былай өтіп жатқан мылтықты, салтатты кісілер, көшеде жүкті арбалар, анда-санда қызылды-жасылды киген әйелдер көрінеді. Оң жақтағы бір талдың ішінен қарулы үш атты кісі шыға келді. Үш атты Әбішті көрді де, тұра ұмтылды. Кейбіреуі мойнындағы мылтығын суырып қолына алды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр