Іздеу

Әбіш «қашса атады, тұрса тағы да атады, не де болса, қарсы жүрейін» деп тайын бұлтаңдатып төмен қарай түсті. Ойға түсер-түспесте-ақ ежіреңдеген үш солдат мылтығын кезеніп, «стой» деп жетіп келді. Әбішті қамай тұра қалды. Орысшалап «қайда барасың?» деп сұрады. Әбіш «білмеймін» деп басын шайқады. Ішінде бір татар бар екен, соны тілмаш қып Әбішті тергеді. Әбіш түк білмейтін бір аңқау қазақ болды; поселкеге астық алуға келе жатқан бір сорлы. Ауылын, болысын, аты-жөнін әбден тексеріп болып, «қызылдардан білесің бе?» деп сұрады. «Білмеймін, біздің ауылдың бір кісісі 8-інші ауылға барып келген екен, сол айтып келді. Осылай қарай қызылдардың көп әтіреті келе жатыр дейді. Бүгін осы жерге келіп қалар ма екен, қайтер екен?» деді. Мына сөзді естіген соң, солдаттар Әбішті алдына салып, айдап поселкеге апарды. Поселкеге әкеліп, бір қораға тайымен кіргізді де, бір мұжыққа «кетіп

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр