Іздеу

қалмасын, аңдып тұр!» деп тапсырды.

Әбіш тайын байлап қойып, мұжықпен әңгімеге кірісті. «Ақтар қайдан келеді? Қашан келген? Көп кісі ме? Бұлар соғысқа пәле дейді ғой? Мылтық, сайманы да көп шығар?» деген сықылды өзіне керекті хабарларды жансыздап сұрап отыр. Анда-санда астық сататын кісіні де, малай жалдаушыны да сұрап қояды. Тымағы жапырайып, ауызынан сөзі түсіп отырған бір жаманды кім елең қылсын? Мұжық сұраған сөздеріне жауап беріп отыр. Аздан кейін поселкенің көшесі шабуылдаған кісі, жаңғырыққан дауысқа айналды. Әбіш: «Не боп қалды?» – деп мұжықтан сұрады. Мұжық: «Білмеймін» деді. Атыс болып қалып, арасында босқа кетем бе деп, қорқайын деді. Бірақ Әбіштің қауіпі ұзаққа бармады; бандылар айғай-ұйғай болып, арбасын дүрілдетіп, абыр-сабыр поселкеден жөнеле бастады. Он минуттың ішінде поселке бандыдан тазарып, бейбітшілік болды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр