Іздеу

Мұжық Әбішті қоя берді. Тайға мініп, азырақ астық іздеген болды да, Әбіш апасының үйіне келді. Әбіш үрейленіп отырған апасын қуантып, бұдан кейін атына мініп, жастардың сиезін шақырмақ болып, ел аралап кете берсін. Енді он төртінші ауылға кеткен Ораздан хабар берейік.

Түс кезінде Ораз бір үйде шай ішіп отыр еді, даладан:

– Мынау атты мініп келген кім? – деген дауыс шықты. Дауысты естіп Ораз тысқа шықса, атының қасында екі-үш кісі тұр. Киімі тәуір мырзасымақ, шоқша сақал кісі, амандасып болған соң: «Мына атты саған кім берді?» деді.

– Исполком бастығы.

– Ендеше менен ұстап әкетіп еді, сен атымды беріп кет! Жалғыз атым еді, сендерге ат табылмай ма? Бір байдан мінерсің… – деп әлгі қазақ жатып атқа жабысты. Ораз бермеді. Қазақ өршеленіп қоймады.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр