Іздеу

Аты кәдірлі болса керек, Ораздан жол бойынша жығылса да, атына қарайды да, қайта жабысады. Даудың аяғы жанжалға айналды. Бірі ауыл іргесін, бірі қызметін, мылтығын арқаланып, егес ұлғайды. Енді аз тұрғанда төбелес болатын еді. Бірақ кенеттен шауып келген бір адам керістің тоқтауына себеп болды.

– Неғып тұрсыңдар! Шыңғырлауға банды келіп қалды!

– А, жақсы болды! Атты бермейтін немесің ғой! Мен сені қызылдың атреті деп дереу ұстап берейін!

Ораз сөзді доғарды. Ертоқымын алды да атын беріп қоя берді. Ауыл адамдары аттарына жүгірісіп, айғайласып, астаң-кестең болды да қалды. Атын алған кісі де жытты. Ораз түскен үйінен бір байтал сұрап мінді де, мылтығын бір шұқырға тыға салып, Шыңғырлауға қарай бет алды. Сар желіп келе жатып жүрегі дүрсіл қағады.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр