Іздеу

Неге келе жатқанын, не бітеретінін өзі де білмейді, әйтеуір бір күш бандыға қарай тартқан тәрізді. Алды-артына қарамай келе жатыр. Шыңғырлау ауылына таяна бергенде алдынан ереуілдеп бандының бір тобы шыға келді. Аттары ауыздықпен алысып, көкке шапшыды; үсті-басы асынған көкпеңбек қару; киімдері неше түрлі сәнді. Ораздың жүрегі тұрайын деді; Үйтсе де, білдірмеді; алдынан шықты. Казак-орыс бастығы: «Көтер қолыңды!» деп ақырды. Ораз қолын көтерді. Екі солдат қоныш-қонышын тінтті. Ораздан «Қайда барасың?» деп жөн сұрады.

– Сіздерге келемін.

– Неге?

– Алсаңдар, сіздің атретке кірейін деп едім.

– Не себепті кіргің келеді?

– Қызылдардан зорлық көрдім, жалғыз атымды алып қойды. Әкемді атып кетті. Қазақ-орыс бастық басын шайқады:

– Өтірік айтады иттің баласы! – деді.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр