Іздеу

Өзге екі бастық «шыны шығар» деп сеніңкіреп қалды. Қазақ-орыс сене қоймады.

– Шыныңды айт! Бәрібір өлесің! – деді. Ораз қарғанды, нанбады. Нанбаған соң:

– Шынымды айтайын, ұрлық қылушы ем. Исполкомның құдасының малын ұрлап, исполком мені ұстайды деген соң, қашып жүрмін. Сіздерге кірсем, жаным қала ма деп едім. Құдайға адалы осы, – деді Ораз жүзі жанбай. Мына сөз қазақ-орыстың миына кірейін деді. Өзгелеріне орысшалап айтты. Олар Оразға абдан сенді. Бірақ қазақ-орыс көпке шейін басын шайқай берді. Әйтпесе Ораздан пайдалы кісі шығады. Шолғыншы болады, қызылдардан хабар біліп береді. Қазақтың сырын біледі деген дәлелдерден аса алмады: әтретке алуға о да көнді. Сол әңгімемен алдындағы жақын ауылға келіп қалды. Ауылға таянғанда солдаттар қойға шапқан қасқырша тұра-тұра шапты. Үш бастық пен Ораз бір бозғылтым киіз үйге тоқтады.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр