Іздеу

Үйде бір кемпір қатын, 14-15 жасар бір-екі бала бар, өзге жан жоқ. Олар да үрпиіп жер үйде отыр екен, іздеп жүріп Ораз тауып алды. Төрелер тамақтанып аттанатын болған соң Ораз жарлық бойынша он бес жасар баланы қойға шапқызды. Үйді тазалап, төсек жайып, жаңа төрелерін күтіп жүр. Самауыр қойылып жатқанда ауыл қыдырған төрт солдат та келді.

Қошқар тұмсық, мұртын шығыршықтаған бір бастық:

– Қыз жоқ па екен? – деп сұрады. Солдат қазақтарды боқтай бастады:

– Неткен сболыштар! Бір жас қатын жоқ, қайда тығып жібергенін білмейсің…

Артынан бір солдат келе өзгелеріне мақтанды:

– Сендер түк таба алмайсыңдар. Мен табам, теректің астынан бір қатынды суырып алып, өкірттім! – деді. Екі солдат оған еріп, шауып алды да кетті. Ораз бәрін біліп, зығыры қайнап отыр. Бірақ айтуға тіл жоқ, ішінен қиналды.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр