Іздеу

Шайдан кейін орыстар шылым тартысып, қазақты қалай қорқытқанын, атын тартып алғанын, қылышпен үш шауып, біреуінің басын зорға кескенін, бір әйелді бырс еткізіп қарынға сұғып алғанын, қалай жанталасып жүгіргенін айтысып отырғанда, үш бастығы ұйқыға кірісті. Төрт солдаты аттарын суаруға ауылдың алдындағы құдыққа кетті.

Бастықтың екеуі ат соғып қажып жүрсе керек, қор етіп көзі ілініп кетті. Біреуі төңбекшіп ұйқтай алмай жатыр. Ораз босағадан жүресінен отырып, сүйеулі тұрған мылтықтың бірін алып, тамашалап о жер, бұ жерін қарады, құлағын қайырып көрді. Қазақ-орыс бастығы сыртылдағанын, шаппаның дауысын естіп, басын көтеріп алып:

– Алма мылтықты!

– деп жекірді.

Ораз аңқаусып: – Алса қайтеді? – деді. Мылтықты тастаған жоқ, икемдеп ұстай бастады.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр