Іздеу

Қазақ-орыс:

– Таста, атылып кетеді? – деп орнынан тұра бергенде, Ораз атып тұрды да, басып қалды. Казак-орыс мойынын астына ала бүктетіле жығылды. Мылтықтың дауысымен шошып оянып тұра берген біреуін Ораз тағы басты. Тәлтіректеп о да өкіре барып жер құшты. Олар жанталасып, қорқырап, тулап жатқанда қалған біреуі жын соққан кісіше, ұйқылы көзімен тұра беріп, қайта жығылып қалбалақтап жүр. Ораздың оғы таусылып қалды білем, басып қалып еді, от алмады. Ораз тұрып-жығылып жүрген орысқа тұра ұмтылып, мылтықтың темірімен қос қолдап тұрып, қарақұстан берді. Омақаса барып құлады. Тағы бір-екі қойып жіберді де, жүгіріп барып тағы бір мылтықты алып, құлағын ашып жіберді. Оғы бар екен. Атып тысқа шықса, төрт солдат тырым-тырақай ауылға қарай ат қойып келеді екен. Ораз үйге кірді де, босағадан тұрып көздеді. Үйге жүз елу қадамдай жетпей, алдыңғы бірі шалқалай, аттан мұрттай ұшты. Аты ойнақтап шыға берді. Оған таяу келе жатқан біреуін тағы қалпақтай түсірді. Алдыңғы екеуі жығылған соң, қалған екеуі жетегін тастап, жарық берді. Ораз жүгіріп шығып, ордаңдап жүрген аттарға ұмтылды. Мылтықтың дауысынан шошынған ат жуырда ұстата қоймады. Жан-жақтағы үйлерден адам шықпады, терезеден, есіктен басын қылтитып сығалап тұр. Ораз:

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр