Іздеу

– Шығыңдар жылдам, атты ұстас! Қорықпа, бәрі қырылды! – деп атой беріп, аттарды қайырып жүр.

Он шақты күннен кейін Електегі укомның жиылысында Қарашығанақ болысының ісполком бастығы Құрман дейтін жігіт бандыны қырғанын айтып, баяндама жасады. Құрманға уком тәңір жарылқасын айтып, атын қызыл тақтайға жазды. Қару-жарақ укомге тапсырылды. Киімдер ісполком мүшелерінің пайдасында қалды. Ораз қызметтен шығарылды. Әбіш те ісполком мүшелерімен келісе алмады. Орынборға оқуға кетті.

Көзсіз ерлердің аты шықпай, елеусіз қала берді. Заманына қарай ерлері болмақ қой. «Өлі арыстаннан тірі тышқан». Заманымыздың ерлері атаусыз қалмаса жарар еді.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр