Іздеу

РӘБИҒА

Бір перделі драма

Ойын   адамдары Бәйділда — қойшы, 55 жаста
Р ә б и ғ а — оның келіншегі, 19 жаста
Келимен — ақсақал, бай, 60 жаста
Ы с қ а қ — жай жігіт, 25 жаста
Арсақай — бозбала, 23 жаста
А х м е т — бұл да 23 жаста

 

С а х н а

Қойшының лашығы. Үй ішіндегі көзге түсерлік нәрсе: ақ шымылдык, керегенің басындағы көк биқасап шапан, жердегі қара ала сырмақ, қызыл желек бүркенген ақ көйлекті, ақ жаулықты Рәбиға. Өзгенін бәрі — жіп-шу, көне ыдыс, көр-жер.

 

Бірінші көрініс

Р ә б и ғ а (тізесіне салып, ақ көйлекті тігіп отырып, ыңырсып ән салады).

 

Сең соғар, дария толкып, үйірім жарға,
Кұдай-ау, жолыктырма, бенлі тарға!
Таңда жок, бүгінгі дос, деген сөз бар,
Қаланык амандасып ағаларға...

 

Екінші көрініс

Ы с қ а қ   (кіріп келіп). Ия, ағаларына амандасып кал!
Р ә б и ғ а   (таңданып),  Мынау қайдан шыға келді!
Ы с қ а қ (күліп).  Көктен түстім.
Р ә б и ғ а . Арам болар.
Ы с қ а қ.  Несі бар?
Р ә б и ғ а. Көктен сендей иері түспей-ақ қойсын.
Ысқа қ. Сен кімсің?
Р ә б и ғ а. Мен бе? Мен періште.
Бәйділдаға қор болған не қылған періште!
Р ә б и ғ а. Өзіңе келер сөзді де білменсің-ау, есалан байғұс!
Ы с қ а қ. Пай-пай-пайІ Кісінің арғы-бергісінен

өткізбей сөйлемейсің-ау  (Рәбиғаның қасына жантая кетеді.).
Р ә б и ғ а. Арғысы қайсы? Бергісі қайсы?
Ы с қ а қ.  Қармақтамай сейлесейші!
Р ә б и ғ а. Қармағың болса, сен де қармақта! Қармақсыз жалпақтасаң, шортан тұрсын, шабақ та қаппас.
Ы с қ а қ.  Па!   Қармағына шортан ілініп жүр екен ғой!
Р ә б и ғ а.  Ілінбей жүргенін қайдан білдің?
Ы с қ а қ. Шортаның да, шолпаның да белгілі ғой, шырағым!
Р а б и ғ а.   Кекетсең де қазақтық шолпанына берем бе екем!
Ы с қ а қ. Бермегенің ғой, әнеугі болыс келген күні тал түсте болыспен жатып алып, байынды үй айнала жүгіртіп, безектетін қойғанын.
Рәбиға. Болысқа мен еркіммен бардым ба? Арызың бар. Жауап алады деген соқ бардым.
Ы с қ а қ  Болыспен неткем жок, деп танасың ба?


Р ә б и ғ а  (таңданып). Мен не ғыппын!?
Ы с қ а қ. Нанайын, тілінді мұрнына жеткізші!
Р ә б и ғ а. Мұрнына жеткізбек түгілі қайда жеткізсең де, бит шаққан құрлы ойыма ала ма екем. Өйтіп, оспақтамай-ақ қой. Таза кісіге шаң жапсыра алмайсың, болса болды деймін. Әкем айтса да қорықпаймын.
Ы с қ а қ. Сендердің осы қабырғасы жабық сөздерің-ау! Қарағым-ау, менен басқаға айтсайшы!

Р ә б и ғ а. Бақырай! Тұрашыл бола қалған екенсің... Ендеше, шынымды айтайын, қолымызды жеткізетім болсақ.
Ы с қ а қ. Айтшы шыныңды, естиін!
Р ә б и ғ а. Байым әрі кәрі, әрі қойшы, менсінбеймін, тұрғым келмейді, қане, не жәрдемің бар? Еркектер! Басымызды кісендейтін де өздерін, табалайтын да өздерін. Сен ер жігіт болсаң, менің басымды тажалдан құтқаршы, көрейін.
Ы с қ а қ. Олай десен, өздерін адам болып жаратылдындар ма?
Рәбиға.  Жаратылдық.
Ы с қ а қ   12 мүшелерін бар ма?
Р ә б и ғ а.  Жоғы да бар шығар.
Ы с қ а қ. Тәйірі, қалжыңды қоя тұршы!
Р ә б и ғ а.  Ал, бар.
Ысқақ. Бар болса, құдай-ау, өз ақылдарынмен неге жүрмейсіндер?
Рәбиға. Ой, сорлы-ай! Ұсталатын жерің осы емес пе?

Ұрғашыға ерік берген қай қазақты көрдің?
Рәбиға. Бақырай! Турашыл бола қалған екенсің... Ендеше, шынымды айтайын, қолымызды жеткізетім болсақ.
Ы с қ а қ. Айтшы шыныңды, естиін!
Р ә б и ғ а. Байым әрі кәрі, әрі қойшы, менсінбеймін, тұрғым келмейді, қане, не жәрдемің бар? Еркектер! Басымызды кісендейтін де өздерін, табалайтын да өздерін. Сен ер жігіт болсаң, менің басымды тажалдан құтқаршы, көрейін.
Ы с қ а қ. Олай десен, өздерін адам болып жаратылдындар ма?
Рәбиға.  Жаратылдық.
Ы с қ а қ   12 мүшелерін бар ма?
Р ә б и ғ а.  Жоғы да бар шығар.
Ы с қ а қ. Тәйірі, қалжыңды қоя тұршы!
Р ә б и ғ а.  Ал, бар.
Ы с қ а қ. Бар болса, құдай-ау, өз ақылдарынмен неге жүрмейсіндер?
Рәбиға. Ой, сорлы-ай! Үсталатын жерің осы емес пе? Ұрғашыға ерік берген қай қазақты көрдің?
Ы с қ а қ. Әне, сөйлегенде тілдеріа мірдің оғындай.
Р ә б и ғ а.  Енді тілімізді де кесіп тастайсыңдар ма?
Ы с қ а қ. Тақылдаған тілден басқа табар өнерлерің жоқ. «Бас-қа түссе басбақшыл», қорлықта, күңдікте жүрсендер де, «ит көзі түтін танымай», кеуделеріңді сүйретіп жүре бересіңдер. Кісі болып жаралсаңдар, басыңа ерік ізде, «жыламаған балаға емшек бермейді».
Р ә б и ғ а. Ерікті қалай, кімнен сұрарсын. Біздің қол-аяғымыз кісендеулі

емес пе?
Ы с қ а қ. Міне, осыларың жаман. Бәрін біліп отырып, тіл мен жаққа суйенесіндер. Ұрғашының өжеті, тілдісі Науқамбайдың қарагер тоқалындай-ақ болар.
Р ә б и ғ а. Тілді боп қайтіпті?
Ы с к а қ.  Қадиша Науқамбайды да бір мүдірткен ғой.
Р ә б и ғ а.  Қадишаң кім?
Ы с қ а қ. Әлгі Науқамбайдың қарагер тоқалы. Науқамбай тоқалға арқасын сипатып отырып: «Құдайдың құдіреті, белі құрғырды жел ұстап, бойымнан кереңі кетпей жүргені», — депті.
Р ә б и ғ а.  Ия, тоқал не депті?
Ы с қ а қ. Тоқал жұлып алғандай: «Отағасы-ау, оныныз рас, үш айдан бері кереңі бойыңыздан бір кеткен жоқ», — депті.
Р ә б и ғ а   (жымиып).  Отағасысы оны ұғып па?
Ы с қ а қ. Ұқпағаны бола ма? «Мен белімнің желін айтып отырсам, ит не оттап отыр»,

—депті. Сонда тоқал тұрып: «Желіңіз бен беліңіздікі бір сабақтас науқас қой. Бойдан кете коя ма?» — депті. Сонда айтып отырған қарагер тоқал әлі күнге Науқамбайдың қоннында жатыр. Сен де Бәйділданың қойнында өмірің өксіп, күнік етеді.

Рәбиға. Ол байдың тоқалы ғой. Байға кім қызықпайды. Бәйділданың мен қызығатын несі бар?
Ы с қ а қ.  Көрерміз әлі...
Д а л а д а н. Ысқақ, сені ауылнай шақырады.
Ы с қ а қ (атып түра келіп). Ол ит тағы ақша сұрайды ғой. Бұл үйде екенімді қайдан біліп койып еді. (Кетіп бара жатып.) Рәш, сенімен тағы оңдап тұрып бір сөйлесемін.
Р ә б и ғ а. Жарайды, сөйлесерміз.

 

"Рәбиға" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр