Іздеу

Ұрғашыға ерік берген қай қазақты көрдің?
Рәбиға. Бақырай! Турашыл бола қалған екенсің... Ендеше, шынымды айтайын, қолымызды жеткізетім болсақ.
Ы с қ а қ. Айтшы шыныңды, естиін!
Р ә б и ғ а. Байым әрі кәрі, әрі қойшы, менсінбеймін, тұрғым келмейді, қане, не жәрдемің бар? Еркектер! Басымызды кісендейтін де өздерін, табалайтын да өздерін. Сен ер жігіт болсаң, менің басымды тажалдан құтқаршы, көрейін.
Ы с қ а қ. Олай десен, өздерін адам болып жаратылдындар ма?
Рәбиға.  Жаратылдық.
Ы с қ а қ   12 мүшелерін бар ма?
Р ә б и ғ а.  Жоғы да бар шығар.
Ы с қ а қ. Тәйірі, қалжыңды қоя тұршы!
Р ә б и ғ а.  Ал, бар.
Ы с қ а қ. Бар болса, құдай-ау, өз ақылдарынмен неге жүрмейсіндер?
Рәбиға. Ой, сорлы-ай! Үсталатын жерің осы емес пе? Ұрғашыға ерік берген қай қазақты көрдің?
Ы с қ а қ. Әне, сөйлегенде тілдеріа мірдің оғындай.
Р ә б и ғ а.  Енді тілімізді де кесіп тастайсыңдар ма?
Ы с қ а қ. Тақылдаған тілден басқа табар өнерлерің жоқ. «Бас-қа түссе басбақшыл», қорлықта, күңдікте жүрсендер де, «ит көзі түтін танымай», кеуделеріңді сүйретіп жүре бересіңдер. Кісі болып жаралсаңдар, басыңа ерік ізде, «жыламаған балаға емшек бермейді».
Р ә б и ғ а. Ерікті қалай, кімнен сұрарсын. Біздің қол-аяғымыз кісендеулі

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр