Іздеу

ҚАНАПИЯ МЕН ШӘРБАНУ

 

Төрт перделік драма

 

И с а т а й — момын қара шаруа адам, 55 жаста
Ұ м с ы н а й — оның қатыны, 47 жаста
Ш ә р б а н у — олардың қызы, 18 жаста
Ынтықбай— олардың ұлы, 22 жаста
Қ а н а п и я — қыздың асық жары, 25 жаста
С а з а м б а й — жуан бай, 55 жастта
Қ а л и п а — оның бәйбішесі, 45 жаста
Қо й ш ы б а й — байдың малайы, 30 жаста
О р а з — байдың қонсысы. 40 жасга Итбас — о да, 36 жаста
Ә ш і м — комиссар, 22 жаста
М и л и ц и я — 27 жаста

 

Б I Р I Н Ш I  БӨЛ I М

Алаң Исатайдың кірпіш үйі.  Төрде жүк: әбдіре, сандық, төсек, жабдық. Жерде құба

төбел төсеніш, алаша, сырмақ, он жақта көтерулі шымылдық. Кішірек бір-екі терезе, есік біреу.

Бірінші көрініс

Ұ М С Ы Н А Й

Ұ м с ы н а й   (бір қолында жерге тіреулі ұршығы, бір қолымен он сипап отыр). Көзі тускір неге тартып отыр, қуана жылаймын ба? (Ұршығын созады.) Көріңде өкіргір Мекалай көрмегенді көрсеттің ғой. Ноғайлар солдатқа барады деп естуші едік. Құлақ естігенді көз көреді» деген осы. Қазақтан солдат алмайды дейтіні қайда? Қане алмағаны? (Күрсінеді.) Ей, жасаған ие-ай! Жалғыздың жанын қалдыра гөр. Қісімісі көрінер ме екен? (Терезеге барып орнына қарай жүріп) Үлкен ауылдан бір кісі келе жатыр екен, әлдекім... Басындағы әнеу күн Шәрбанжан іздеген тымақ тәрізді екем. Жаным-ау, бұл Қанапия болар ма?! БІЗДІҢ Ынтықбайға ұсаған бұ да бір жалғыз еді. Сорлы әлде қайтеді...

 

Екінші көрініс

ҰМСЫНАЙ, ҚАНАП И Я

Қ а н а п и я   (келіп отырады).  Мал-жандарыңыз аман ба, шеше?
Ұ м с ы н а й (ұршығын қойып). Шүкір қарағым, өз мал-жандарың есен ғой?!
Қ а н а п и я.  Аманшылық.
Ұ м с ы н а й.  Қайдан келесің, карағым?
Қ а н а п ия. Орын-морын табыла ма деп заводқа барып, содан келемін.
Ұ м с ы н а й.   Немене, таптың ба, қарағым?
Қ а н а п и я. Жоқ, шеше, орын болмады.
Ұ м с ы н а й.  Біздің жалғыз да сенделіп жүр.
Қ а н а п и я.  Мал айдауға кіре алмады ма?
Ұ м с ы н а й.  Нашар адамның қолы жеткен бе?  Ынтықбай кіріскелі тұрғанда оның орнын болыс тартып алыпты.  Бір жақынын кірістіріп қойыпты.
Қ а н а п и я. Әй, жауыздар-ай!
Ұ м с ы н а й.  Біреудің өлгенін біреу неғылсын?


Қ а н а п и я.  Өздері қайда кетті?
Ұ  м с ы н а й.  Бірдеме табыла ма деп әкесімен екеуі тағы кетті, дағдарғандық қой.  Жұрт ақша беріп қалып жатыр  дегенге сары атанды саттық, көк атты саттық.   «Қалдырам» деп  болыстар  ақшасын алдап алып қойып, оны да бермей жүр.  Қаншасы қалғаның да білмеймін.
Қ а н а п и я (құшырланып налып). Жұрт жанымен қайғыланып жылап жатқанда, әй, жалмауыздар-ай! Осындай күнде де қақсатқанын қоймады-ау! Өңкей жасты көгендей тізіп әкеткенде елді жетістірер!
Ұ м с ы н а й (қамығып). Жасаған-ай десейші, кұдай тілеуін берер дейсің бе?!
Қ а н а п и я (күйініп). Осы қылықтарына бауыздап кетер ме еді иттерді.
¥ м с ы н а й.  Жаман сөзді не қыласың, қарағым!
Қ а н а п и я. Күйінгеннен айтам, шеше! Кісі қанына қарайып кетеді екен.

Ұ м с ы н а й. Құдайдын салғанын көре береді де кісі.
Қ а н а п и я. Түбінде кететін болсақ, жастығымызды ала кетерміз.
Ұ м с ы н а й. О не дегенін, қарағым! Құдайға шет болып, құдай сақтар, жеткізер...
Қанапия (аз ойланып). Әжемді ойлап, өзіме тоқтау саламын. Әйтпесе кұдайдың не салғанын көрер едім.
Ұ м с ы н а й. Жалғызға біздің жанымыз шығатыны сол емес па?  Қарағым, ешқайдан тамақ іштің бе, шай қояйын ба?!
Қ а н а п и я. Тамақ ойға да келмейді.
Ұ м с ы н а й.  Оның рас, қарағым!  Жүрегіңе ас батпайды екен.

 

"Қанапия мен Шәрбану" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр