Іздеу

төбел төсеніш, алаша, сырмақ, он жақта көтерулі шымылдық. Кішірек бір-екі терезе, есік біреу.

Бірінші көрініс

Ұ М С Ы Н А Й

Ұ м с ы н а й   (бір қолында жерге тіреулі ұршығы, бір қолымен он сипап отыр). Көзі тускір неге тартып отыр, қуана жылаймын ба? (Ұршығын созады.) Көріңде өкіргір Мекалай көрмегенді көрсеттің ғой. Ноғайлар солдатқа барады деп естуші едік. Құлақ естігенді көз көреді» деген осы. Қазақтан солдат алмайды дейтіні қайда? Қане алмағаны? (Күрсінеді.) Ей, жасаған ие-ай! Жалғыздың жанын қалдыра гөр. Қісімісі көрінер ме екен? (Терезеге барып орнына қарай жүріп) Үлкен ауылдан бір кісі келе жатыр екен, әлдекім... Басындағы әнеу күн Шәрбанжан іздеген тымақ тәрізді екем. Жаным-ау, бұл Қанапия болар ма?! БІЗДІҢ Ынтықбайға ұсаған бұ да бір жалғыз еді. Сорлы әлде қайтеді...

 

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр