Іздеу

Екінші көрініс

ҰМСЫНАЙ, ҚАНАП И Я

Қ а н а п и я   (келіп отырады).  Мал-жандарыңыз аман ба, шеше?
Ұ м с ы н а й (ұршығын қойып). Шүкір қарағым, өз мал-жандарың есен ғой?!
Қ а н а п и я.  Аманшылық.
Ұ м с ы н а й.  Қайдан келесің, карағым?
Қ а н а п ия. Орын-морын табыла ма деп заводқа барып, содан келемін.
Ұ м с ы н а й.   Немене, таптың ба, қарағым?
Қ а н а п и я. Жоқ, шеше, орын болмады.
Ұ м с ы н а й.  Біздің жалғыз да сенделіп жүр.
Қ а н а п и я.  Мал айдауға кіре алмады ма?
Ұ м с ы н а й.  Нашар адамның қолы жеткен бе?  Ынтықбай кіріскелі тұрғанда оның орнын болыс тартып алыпты.  Бір жақынын кірістіріп қойыпты.
Қ а н а п и я. Әй, жауыздар-ай!
Ұ м с ы н а й.  Біреудің өлгенін біреу неғылсын?


 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр